Бағдат Мусин басқаратын компания миллиардтарды игерді
2025 жылы Қазақтелеком қаржылық көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартып, 147 млрд теңге көлемінде таза пайда тапқан. Бұл туралы компания басқарма төрағасы Бағдат Мусин Самұрық-Қазына қорының қоғамдық кеңесінде мәлімдеді, деп жазады Оinet.kz.

Оның айтуынша, былтыр компанияның жалпы кірісі 587 млрд теңгеге жеткен. Бұл байланыс қызметтеріне деген сұраныстың жоғары екенін көрсетеді. Сонымен қатар, шығындар жоспардан төмен болып, 508,9 млрд теңгені құраған. Компания мемлекет қазынасына 89,2 млрд теңге салық төлеген.
Қазақтелеком қарыз жүктемесін тұрақты деңгейде ұстап, инфрақұрылымды дамытуға 200 млрд теңгеден астам инвестиция салған.
Қазіргі таңда компанияның:
1,9 млн тұрақты интернет қолданушысы,
8,7 млн мобильді байланыс абоненті,
1,2 млн TV+ қызметін пайдаланушысы бар.
Сондай-ақ, қызметті 80 мың кәсіпкерлік нысан, 15 мыңнан астам мемлекеттік мекеме, 3850 мектеп пен 2720 аурухана тұтынады.
Айта кетейік, бұған дейін Бағдат Мусин премьер-министрге Екібастұзда деректерді өңдеу орталықтары алқабын салу жобасы туралы баяндаған болатын.


