Цифрлық амнезия деген не?

Oinet.kz 26-11-2019 922

Адамдардың 50 пайызы цифрлық амнезиямен ауырады. Бұл ауру түрі қалай пайда болады? Және одан арылу мүмкін бе? 

Похожее изображение

Ең алдымен, сіз өз жақыныңыздың (анаңыз, сүйіктіңіз, балаңыз) телефон нөмірін жатқа айта алмасаңыз, бұл сандық амнезияның алғашқы сатысы. Телефон нөмірлер жиынтығы жазылған қойын дәптеріңіз болуы мүмкін. Бірақ оны әрқашан жаныңызда алып жүрмейсіз. Немесе телефонның ішіндегі арнайы программамен сақталауы мүмкін. Бірақ сақтық та қорлық жоқ. Телефоныңызды жоғалтып алған жағдайда есте сақтау қабілетіңізде жатталып тұрған нөмірлер пайдаңызға жарайды. 

Цифрлық амнезияның екінші аты - гугл-эффект. Қазіргі таңда кез-келген ақпаратты адамдар миына сақтап алудан қашады. Себебі, қолда телефон мен интернет бар. Кез-келген жағдайда ашып қарауға мүмкіндік бар. Олар миына керек мәліметті емес, оны интернеттен қалай табу керектігін есте сақтайды.

Ғалым Николас Карр өз зерттеулерінде, интернетті пайдалану адамдардың қандай да бір мәселені шешу үшін өз миын сирек пайдалана бастауына әкеп соқтырады деген қорытындыға келеді.

Алайда, барлық зерттеушілер технологияларды белсенді пайдалану ақыл-ойдың азып-тозуына алып келеді дегенмен толықтай келіспейді.

Тез арада стресстен қалай арылуға болады?
Тәттіні аз жеу үшін не істеу керек?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу