Балаға іш қату кезінде қалай көмектесеміз?

Oinet.kz 20-04-2020

Іш қату – бұл қиын түрде болатын ішек жұмысының бұзылуы, нәжістің кідіруі. Осы мәселе бойынша көптеген ата-аналар қиналады. Іш қатуды жою үшін оны тудырған себебін анықтап алу қажет.

2017-08-24_204242-1.jpg

Неліктен балаларда іш қату болады?

Ең әуелі, бұл іш қату ма соны педиатр арқылы анықтап алу қажет. Егер жаңа туған нәрестелерде нәжістің бір тәулікте болмауы іш қатуына жатады, өйткені нәрестелер күніне 2-5 рет ішті босатып отырады. 

Бірақ қосымша тамақ енгізілген соң нәжістің шығуы тәулігіне 1-2 ретке сирей бастайды. Қосымша тамақтану кезіндегі нәрестелердің жарты күнде нәжістің шығармауы іш қатуға жатады. 

Нәжістің кідіруі қандай қиыншылықты тудыруы мүмкін? 

Мұның себептері көп, алайда нақты себебің тек дәрігерлер ғана біледі. 

Ас қорыту жүйесінің жұмысындағы ауытқулар (гришпрунга және долихосигма). Бұл жағдайда балалардағы іш қату көбінесе ең алғашқы күндерінде болады. Оның белгісі құсу және сүттен бас тарту, іш айналасыңда ісінудің пайда болуы. 

Гипотиреоз. Қалқанша безінің бұзылуы көбіне іш қатумен, санымен қатар терінің қабыршақтануымен, температураның төменденуімен, әлсіздік пен ісінумен көрініс табады. Туылғанынан гипотиреозбен ааруымен туылған балалар ең алғашқы күннен-ақ өте сабырлы әрі сирек жылайтын болады.

Рахит. Ағзада Д дәрумені жетіспесе де балада іш қату белгісі пайда болады. Сонымен қатар дененің қорғаныс қабілетінің әлсіреуі де көрініс табады. 

Психологиялық себеп. Стресс және көп нәрсеге алаңдау іш қатудың бір себебі.

Диасбиоз. Бұл іш қатудың ең көп тараған себебі. Дисбиоз – ас қорыту жоландағы пайдалы бактериялардың болмауы. Ал мұның пайда болуы себебі бірнеше:

  • омырауға кеш басу

  • қосымша тамақтану

  • толық емес немесе дұрыс тамақтанбау

  • дактозаны көтере алмау

  • ішек жұмысының бұзылуы

  • асқазан мен ішектің ауруы

  • аллергиялық аурулар

  • өткір жұқпалы аурулар (ішек инфекциясы, тұмау т.б.)

  • антибиотик немесе басқа дәрілер қабылдау

Жаңа туылған және емізулі нәрестелердегі іш қатуды қалай білеміз?

Әрине, әлі тілі шықпаған бала өзің не мазалап жатқанын айта алмайды. Сондықтан ата-аналардың өзіне бұл мәселені анықтауға тура келеді.

Іш қату кезінде балалар тым жайсыз болып, ұйқысы бұзылып көп жылай береді. Олардың тәбеті жойылып, салмақ жинауы баяулап, іш айналасында ісік пайда болады. Ал шомылу кезінде балаларда жайсыздық пайда болып, су жараларды тітіркендіреді.

Нәрестенің нәжісі сұйық болып, сыртық түрін өзгертіп бұршақ немесе құрғақ болса, демек балада іш қату белгісі бар деген сөз. 

Үлкен дәрітке отырғанда бала тырысып қалып және қызарса, ал тамақтану кезінде аяқтарын ішіне тартып қысса, демек бұл да ас қорыту жүйесінің бұзылғанының бір белгісі.

Ал егер бала әдеттегіден сирек нәжіс шығарса, бірақ жақсы тамақтанып, жайсыздық тудырмаса, іш қатудың белгісі болмаса, демек балада іш қату мәселесі жоқ. 

Балаға іш қату кезінде қалай көмектесеміз?

Іш қату мәселесіне жәй қарауға болмайды, бұл үлкен қиыншылықтардың бастауы мүмкін. Жалпы іш қату белгісі нақты болған кезде, бұл мәселені үй тәсілінде өзім реттеймін деу дұрыс емес. Міндетті түрде дәрігерді шақрып, көрсеткен дұрыс. Егер өзіміз істейтін болсақ бәрін ушықтырып алуымыз мүмкін.

Алайда, ата-аналар дәрігер келгенге дейін өздері балаға көмектесе тұрады. Яғни, баланың ішін алақаны арқылы сағат тілі бойымен уқалап және аяқтарын ішіне кезектесіп иілуінің әсеріде оң болары сөзсіз. Тек дәрігерсіз балаға ешқашан клизма жасамаңыз. Әрі емізулі ана өзінің жеп жатқан тамағына аса мұқияттылығымен қараған жөн. Майлы тамақтар, кофе, ақ нан, жаңғақ сынды майлы тамақтардан бас тартқан дұрыс. 

Грейпфрут және оның пайдасы
Үй жағдайында іш қатудың емдеу жолдары

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×