Абай Құнанбайұлы. Патша құдай, сыйындым

Oinet.kz 28-08-2019 1661

d7890aadbcefa7f05033c5d4ba6o--podarki-k-prazdnikam-stihi-na-bumage.jpg

Патша құдай, сыйындым

Тура баста өзіңе.

Жау жағадан алғанда,

Жан көрінбес көзіме.

Арғын, Найман жиылса,

Таңырқаған сөзіме.

Қайран сөзім қор болды,

Тобықтының езіне.

Самородный сары алтын,

Саудасыз берсең алмайды

Саудыраған жезіне.

Саудырсыз сары қамқаны,

Садаға кеткір сұрайды

Самарқанның бөзіне.

Кеселді түйін шешілсе,

Көрдең мойын кесілсе,

Келмей кетпес кезіне.

О да - құдай пендесі,

Түспей кетер деймісің,

Тәңрінің құрған тезіне?

Абай Құнанбайұлы. Қызарып, сұрланып
Абай Құнанбайұлы. Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу