Есте сақтау қабілетін жақсартудың оңай жолы табылды

Oinet.kz 23-12-2019 1262

Канада Уотерлу университетінің нейробиологтары кітапты дауыстап оқығандардың есте сақтау қабілеті жақсы болады деген қорытынды шығарды. Бұл туралы Memory журналы жазды.

Screenshot_8.jpg

Зерттеуге 95 адам қатысты. Еріктілер жазбаша ақпаратты төрт әдістің бірімен есте сақтап қалуға тырысты. Олар мәтінді ішінен немесе дауыстап оқып, өзінің не басқа біреудің дыбыстық жазбасын тыңдады. Тест нәтижесінде ауызша сөйлеу мен тыңдау бірдей әсер етеді, ал жазылған ақпарат жақсы есте қалады деген қорытынды шығарылды.

Ғалымдардың айтуынша, ақпаратты ұзақ есте сақтап қалу үшін кітапты дауыстап оқыса, сөздер ұзақ есте қалады. Мәтінді көшіріп басу да дәл осылай әсер етеді. Егер егде жастағы адамдар осы тәсілді қолданса, сөзжұмбақтарды оңай шеше алады екен.

Ойыншықтың көптігі баланың миына зиян болып шықты
Адамның ең көп дегенде қанша жыл өмір сүретіні анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу