Құлақ аурулары. Оны емдеу жолдары

Oinet.kz 10-01-2020 3533

Screenshot_3.jpg

Құлақ ауруына суық сеп болғандықтан қыс айларында  асқынады. Құлақ миға жақын орналасқан, соныдықтан ауруға немқұрайлы қарауға болмайды.  Сол себепті аурудың  алғашқы белгілері пайда болған және есту нашарлай бастаса міндетті түрде дәрігерге тексерілген дұрыс. 

Құлақ аурулары – құлақтың сыртқы, ортаңғы және ішкі бөліктерінде кездесетін дерттер. Құлақ аурулары жедел және созылмалы деп бөлінеді.  Қазіргі таңда құлақ ауруларының  ішінде   іріңді атит,  перехондрит, отогематома,  синусит, тонзелит түрлі құлақ естуін төмендететін құлақ аурулары жиі кездеседі. Бұл аурулардың  себебі әртүрлі. Алайда, бұл ауруға шалдыққан кез келген науқас дер кезінде дәрігердің қарауында болып, ұсынылған емді үзбей қабылдауға тиіс. Сонымен қатар сурдологиялық орталықтарда клиникалық аудиометр, темпанометр сияқты аппараттар бар. Мұнда 5 жастан бастап құлағы ауыр еститін балаларды қарап, оларға диагноз қойылады. Ем-дом жолдарына кеңес беріледі. Темпанометрдің көмегімен есту қабілеті бұзылған жағдайда және орталық құлақтың сырқатын анықтай алу мүмкіншілігіне ие.

 Бұл аурулар көбінесе аденоидтен, тамақ-мұрын бездерінің ұлғаюы салдарынан орын алады. Бас сүйек жарақаттанғанда, ми қыртысы қабынса да, қан тамыры склерозға ұшыраса да есту қиындайды. Құлаққа құлық қатып, тесігін мүлдем бітеп тастаса да естілмейді. Бас шайқалса да құлақ естімей қалады. Құлақ ауырғанда, есту нашарлағанда дәрігерге қаралу қажет, олардың кеңесімен есту аппаратын сатып алып, пайдаланған жөн.

Біздің Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздегі лор саласы бойынша үшінші орында келеді. Бізде бұрыннан жасалатын оталар Ақтау, Атырау қалаларында енді жасалынып жатыр.  Яғни өңірдегі дәрігерлер халықаралық стандартарға сай арнайы ем жүргізеді. Дегенмен құлақ неден естімей қалады деген сауал көпшілікті толғандырып жүрген мәселелердің бірі. Құлақ ауруы мына себептерден де асқынады:  мұрын мен мұрын-жұтқыншақ аурулары . Мұрынмен тыныс алу қиындағанда ортаңғы құлақтан бөлінділер қалыпты түрде шықпайды, соның салдарынан инфекциялық қабыну жағдай туындайды және айқай-шудың ұзақ уақыт әсер етуінен. Есту жүйкесі қызметінің бұзылуынан. Уланудан.  Дәрі-дәрмектерді шамадан тыс ішуден пайда болады. Ал құлаққа құлық қатқанда немесе құлақ ішіне іріңді жара шыққанда адам уақытша естімей қалуы мүмкін. Сондықтан да бұл дертті емдеу кезінде нақты әрі дұрыс диагноз қою керек. Ал іштен туа біткен кемістікке кей жағдайда хирургиялық ота жасайды. Құлақ ауруы естуінің нашарлауы түрлі жағдайлардан болуы мүмкін. Құлақтың әр түрлі бөлімдері қабынып ауырады. Сол кезде адам естімей қиналады. Мұрын мен мұрын-тамақ жолдары сырқаттануының салдарынан дабыл қуысына ауаның келуі қиындап, дыбыс өткізгіштік бұзылады. Бұл қабыну ұзаққа созылса, ортаңғы құлақта жапсырма және тыртық пайда болады. Соның салдарынан құлақ көмескі естиді.

АЙТМАТОВ  Мейірбек Ғарифоллаұлы   

№3  Қалалық емхананың лор дәрігері

Дәрімен аурудан айығуға бола ма?
Шенді дәрігерлер туралы естігенсіз бе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу