Туберкулезбен ауырмау үшін не істеу керек

Oinet.kz 21-05-2020 1115

Бірнеше он жылдар бойы науқастарды емдеу үшін тиімді дәрі болса да, жыл сайын туберкулезден миллион адам қайтыс болады. Біздің ғаламшарымыздың үлкен бөлігінде инфекциялық аурулардың ішінде туберкулездің «№1-ші өлтіруші» болып қала беретініне назар аударту үшін 24 наурыз – Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні өткізілді.

image.png

Туберкулез көбіне тыныс алу мүшелерін (ең бастысы өкпе мен бронхты) зақымдайды, бірақ басқа да мүшелерді зақымдауы мүмкін, мысалы, сүйектер мен бұлшықеттер. Осы айырмашылықтарына қарай туберкулездің екі негізгі түрі бар: өкпе туберкулезі және өкпеден тыс туберкулез. Туберкулездің белгілері: жөтелу және қақырықтың бөлінуімен жөтелу, кейде қанмен; ұзақ уақыт бойы 37-37,5 градусқа дейін дене қызуының жоғарлауы; тез шаршау және әлсіздіктің пайда болуы; тәбеттің болмауы немесе азаюы, салмақ түсіру; көп терлеу, әсіресе түнде; денеге кішкене жүк түсірген кезде ентіге бастау.

Халық үшін негізгі қауіп өкпе туберкулезі, өйткені ауруды тарату жолы –ауа-тамшы арқылы. Дені сау адам туберкулезбен ауыратын науқас жөтелген, түшкірген және онымен сөйлескен кезде жұқтыра алады.

Туберкулездің ашық түрімен ауыратын бір науқас 24 сағат ішінде он миллиард бактерия бөледі, жөтелген кезде ауа арқылы таралады және қоршағандарға жұқтырады.

Туберкулезбен ауырмау үшін не істеу керек – салауатты өмір салты!

Шылым шекпеңіз – ол тыныс алу жолдарының жергілікті қорғанышын әлсіретеді, ағзаның барлық иммунитетін азайтады; Ішімдікке салынбау – ол ағзаның жалпы қорғанышын азайтады; Құнарлы тамақтану; Жиі тексеріліңіз – Қазақстанда туберкулезді ерте анықтау үшін халықты жаппай профилактикалық флюорографиялық тексерулер өткізіледі. Зерттелу тегін; Вакциналау – туберкулездің таралуын ескертетін маңызды қадам. Балалар туберкулездік инфекцияларға аса жақын және екпе егілмеген балалардың туберкулезбен ауруы ықтимал.

Қазіргі заманғы жағдайда, әсіресе ауру уақытылы анықталған жағдайда туберкулез жақсы емделеді,. Ең бастысы емді үзбеу, себебі дәрі-дәрмекпен емделмеу, туберкулездің ауыр, емге қонбайтын, орнықты дамуына әкеп соқтыруы мүмкін.

Г.ТІЛЕГЕНОВА, Түркістан облыстық фтизиопульмонология орталығы ІV өкпе терапия бөлім меңгерушісі

Құнарлы тағам ауруды жеңеді
Бронхоскопия аппараты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу