Бронхоскопия аппараты

Oinet.kz 21-05-2020 1450

Заманауи эндоскопияның өкпе тыныс алу жүйесі бойынша зерттеу тәсілі - бронхоскопия саласы деп аталады.

Бронхоскопия – тыныс алу жүйесінде, әртүрлі өкпе патологияларын анықтау мақсатында қолданылатын арнайы әдіс болып табылады.

Эндоскопиялық әдістің өкпе-тыныс алу жүйесі бойынша қолданылатын аспап: бронхоскоп деп аталады.

image.png

Осы бронхоскоп аспабын қолдану арқылы – көмекей, кеңірдек және бронх тармақтарының шырышты қабаты мен оның қабырғаларындағы патологиялық өзгерістер тексеріледі. Жарықтандыру жабдықтары және бейне камерамен жабдықталған түтік көмекей арқылы тыныс алу жолдарына енгізіледі. Осы заманауи жабдық пациентке 90 пайыздан жоғары ғылыми зерттеулер дәлдігін қамтамасыз етеді.

Бұл әр түрлі патологияларда: өкпе туберкулезі, созылмалы бронхиттер, өкпе бронхоэктазы аурулары, өкпе обыры, өкпенің қайталамалы жіті қабынуы, бронтағы бөгде заттар және де басқа да патологияларда таптырмайтын жабдық болып табылады.

Бронхоскопияның жасалу әдісі:

1. Бронхоскопия тек ашқарынға жүргізіледі. (Шұғыл жағдайларда пациент 5-6 сағат ас қабылдамауы шарт).

2. Зерттеу күнінде темекі шегуге тиым салынады. (асқынулардың қатерін ұлғайтатын фактор).

3. Жүрек – қан тамырлар ауруларынан зардап шегетін адамдар үшін, бронхоскопияға дайындық жекелеп әзірленген бағдарламаға сәйкес жүзеге асады.

4. Бронхиалды астмамен ауратын адамдарға қажетті ингалятормен жасалынады. (Демікпенің асқыну сатысы кезеңінде бронхоскопия науқастың жағдайын, дәрігер эндоскописттың бағалауына байланысты жасалынады).

Бронхоскоп седация (ұйқыда) әдісімен пациентке ауыз немесе мұрын қуыстары арқылы енгізіледі. Төменгі бөліктерге өту барысында дәрігер көмекей, дыбыс байламы, трахеямен бронх тармақтарының ішкі беттерін тексереді.

Тексеруден соң бронхоскоп мұқият шығарылады. Ал пациент біраз (1 сағат) уақыт дәрігерлердің қадағалауында болады.

Туберкулезбен ауырмау үшін не істеу керек
Туберкулез емделеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу