Туберкулез емделеді

Oinet.kz 21-05-2020

Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орай Шымкент қалалық №6 қалалық емханада іс шара өтті. Емханаға қарасты халық тұрғындарына сонымен қатар мектеп (№87, №52, №56, №77, №51) жасындағы оқушыларға семинарлар өткізіліп тренинг жүргізілді. Іс шараның мақсаты тұрғындарға туберкулезден сақтануды айту.

Жұқпаның негізгі көзі – ашық түрдегі туберкулезі бар науқас адам. Еденге немесе жерге қақырықты түкірген кезде ол шаңмен араласады. Осындай шаңмен демалған дені сау адамның туберкулезді жұқтыруы әдбен мүмкін. Бұл – әлеуметтік тұрмыстың нашарлығы, дұрыс тамақтанбау, психологиялық күйзелістер, ілеспе аурулар (қант диабеті, жарақаттар, созылмалы өкпе аурулары, АИТВ/ЖИТС), зиянды әдеттер.

Туберкулез научились диагностировать по выдоху до появления ...

Туберкулездің негізгі белгілері: 1. салмағын жоғалту; 2. тершеңдік; 3. кеуде тұсының ауыруы; 4. қан түкіру; 5. жалпы әлсіздік және тез шаршау; 6. дене қызуының ұзақ уақыт көтеріңкі болуы.

Туберкулездің алдын алу шаралары 1. БЦЖ вакцинасы перзентханада баланың 1-4 күндерінде міндетті түрде енгізіледі. Келесі ревакцинация 6-7 жаста жасалады. Бұлар өз кезегінде милиарлы туберкулезден және туберкулезді менингиттің дамуы мен асқынуын және таралуын тежейді. 2. Уақтылы анықталып, дер кезінде емдеу басталғанда туберкулез емделетіндігін есте сақтаған жөн. Әйтпегенде, кеш анықталса, өлімге әкеп соқтыруы да әбден мүмкін. Өкпе туберкулезін уақтылы анықтау үшін қақырыққа бактериоскопиялық зерттеу жүргізіледі. Балалардың туберкулезді жұқтыруын уақтылы анықтау үшін Манту сынамасы салынады. Манту сынамасы бір жастан бастап, жылына 1 рет салынады. Нәтижесі 72 сағаттан кейін жарық жерде мөлдір сызғыштың көмегімен папуланы (түйінді) өлшеу арқылы белгілі болады. Папуланың тек көлденең өлшемі тіркеледі, ал қызарған аймағы есептелмейді. 3. Дұрыс тамақтана отырып (ет, сүт өнімдері, балық, дән тағамдары, көкөністер мен жидектерді асқа жеткілікті мөлшерде пайдалану), салауатты өмір салтын ұстану, тұрақты түрде денешынықтыру жаттығуын жасау, қалыпты демалыс, таза орта, темекі, алкоголь, есірткіден аулақ болу.

Бронхоскопия аппараты
Науқас диагнозын 100 пайыз білуі керек

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×