Алколголь фигменті аз адам ішімдікқұмар болады

Oinet.kz 26-05-2020 768

Бағдат ИДИЯЕВ:

Алколголь фигменті аз адам ішімдікқұмар болады

 АЛКОЛГОЛЬ КАК ОДИН ИЗ ДЕТЕРМИНАНТОВ СОВЕРШЕНИЯ ПРЕСТУПЛЕНИЙ.

Түркістан облыстық Психикалық денсаулық орталығы бас дәрігерінің ұйымдастыру әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Бағдат Идияевтың наркология бойынша сырқаттарды емдеуде 15 жылдық тәжірибесі бар. Ұзақ жылдар бойы наркологиялық диспансерде қызмет еткен. Дәрігердің айтуынша, психикалық және наркологиялық сырқаттарды біріктіру арқылы халыққа көрсететін қызметті жақсартпақ. Бұрын психиатрия мен наркология екеуі бір мекеме болғанмен, 1996 жылдары қайта бөлінген. Психиаторлар тек қана психикалық ауруларға, наркологтар тек наркологиялық ауруларға ем жасап келген. Ал қазір наркологтар көбінесе психиатриямен айналыспайды, олар реаниматолог сынды зақымданған ағзаны емдеумен айналысуға ден қойып кеткен. Психиаторлар емдеуден бұрын таза психологиялық кеңес беруге көбірек уақыт бөлетін болған. Осындай себептермен қайтадан екі саланы біріктіріліп, қазір психиатор-нарколог дәрігері атануда. Наркологияда ішімдікке, темекіге, наркотикке тәуелділділігі барлар емделеді. Бүгінде мұнда 21531 науқас тізімде тұрса, оның 4038-і алколголизм бойынша, 446-сы есірткіге тәуелді.   

– Мұнда өз еркімен келетіндерге арналған, жатып емделетін 60 төсек-орын бар. Олар 25 күн емделеді. Сонымен қатар, аурухана құрамында мәжбүрлі түрде емделетіндерге де 60 төсек-орын қарастырылған. Өздігінен келгісі келмейтіндерді туыстарының арыз жазуы негізінде әкімшілік талапқа сай соттың шешімімен, жергілікті учаскелік полицейлер күштеп әкеледі. Мұнда емделу мерзімі алты айдан екі жылға дейін. Есірткіқұмарлар секілді мұнда ЖИТС-ке шалдыққандар да ем алады. Ине қолданатындардың толығымен жазылып кетті деу қиын. Осында алған емнен кейін күтінбесе бұрынғы қалыпқа түседі. Біз емдейтін науқастарда ішімдік пен нашаға деген психикалық тәуелділік бар. Осы жерден шыққасын бұрынғы достарымен араласпаса, жазылып кетуіне мүмкіндігі жетеді. Өйткені, наркологоялық сырқаттан емделгендердің қайтадан ауырып қалуы немесе жазылып кетуі қоршаған ортасына байланысты. Статистикаға сүйенсек, бір наркоман-науқас өзімен қатар 4-5 адамды инеге отырғызады. Оларды емдеумен қатар бұрын араласқан ортасымен шектеуге көбірек мән береміз. Әрине, ауруханадан шыққан соң әр қадамын бақылау қиынға түседі. Емделген соң, арақты ұмытқанымен миында қалады. Егер бұрынғы бірге ине салдырған, ішкен достары кезіксе баяғы ләззатты шағы еске түсіп, қайтадан ескі әуеніне басады. Бізден емделіп кеткен соң олармен жергілікті учаскелік наркологтар жұмыс жасайды. Мұндағы оңалту бөлімінде науқастар алпыс күн бойы жатып, ем қабылдайды. Нақтырақ айтсақ, бір ай емделіп, бойын түзеп алады. Араққа деген тартымдылығын төмендетіп, екі ай бойы оңалтудан өтеді. Шыққан соң психотерапевттер олармен тағы жұмыс істейді. Алпыс күндік оңалтуға науқас өз еркімен келмесе, оны мұнда қинап емдемейміз.   

– Емделіп шыққан нашақордың қоғамға келтірер пайдасы қандай?

– Бізге түскен науқастар есепке алынады. Ал, қазір кез-келген жұмыс орына, күзетке тұру үшін наркологиядан анықтама cұрайды. Олар наркологиялық есепте тұрғандықтан ешқандай жұмысқа кіре алмайды. Бізден ем алғанмен, қоғамға сіңісіп кете алмайды. Өйткені наркологияда есепте тұрғандықтан емделгеніне қарамастан басқалар қорқады. Біз оларды қоғамға кіріктіріп, қабылдау түсінігіне әлі жеткен жоқпыз. Жұмыс таппаған соң олар  көбінесе жалданбалы, жекеменшік жұмыстарды істейді. Оны да таппаса ішімдік ішіп, баяғы өміріне оралатын жағдайлар да кездеседі. Шет елдерде психиатрия бойынша тізімде тұратындарға «қоршаған ортаға қауіп төндірмейді» деген анықтама беріледі. Біздің министрлік бұл жағын енді қарауда. Қазіргі жастар клубтарға барғанда өздеріне күш беріп, кайф сыйлайтын неше түрлі таблеткаларды пайдаланып, соған тәуелді болып қалады. Наша, көкнәр дегендер кең таралған. Сосын жастар арасында кілей, бензин иіскейтін таксикомандар бар. Әлгі заттарды организмдері талап етеді. Ол да – ауру. Менің тәжірибемде үнемі клей, көлік түтінін иіскейтін бір науқас болды. Сұрастырғанымда бала кезінде сабын жеп қояды екен. Екі рет келіп емделіп, 2013 жылдан кейін қайтып түспеді.

– Науқастарды дәрі-дәрмектен бөлек физикалық тұрғыда емдеудің жолы қарастырылған ба?  

– Кез келген аурудың емі қимыл-қозғалыс бола алады. Яғни, дене жаттығулары да дерттен айықтыруға көмектеседі. Бұрын Шымкент қаласы республикалық мәртебе алып, өз алдына бөлініп шыққанға дейін, Оңтүстік Қазақстан облысы болып тұрғанда пациенттер футбол, волейбол алаңдарына барып спортпен айналысуші еді. Тренажерлік құралдар, тенис столдары бар. Науқас бәр сәт жұмыспен алдану үшін тігін тігетін, шлакоблок жасайтын шағын станоктарда еңбек ететін. Еңбек нұсқаушысы, спорт секторлары науқастардың ішінде спортқа бейімдерін теріп алып, жарысқа қатыстыратынбыз.Түркістан облысы жаңадан құрылған тұста олар Шымкент қаласының еншісінде қалып қойды. Енді облыстық деңгейде біреуін ашу жоспарлануда. Дегенмен, алдағы уақытта науқасты емдеудің ондай тәсілдерін қайта қалыптастыратынымызға сенім мол.

Павлодарда республикалық «Асар» оңалту орталығы бар. Арнайы алкогольді ішімдіктен емделетіндер сонда өз еркімен барады. Бізде бір ай жүріп екінші этаптан өтеді. Жағдайы қалпына келген соң екі айлық оңалту орталығына жату жөнінде кеңес айтамыз. Павлодар қаласында үшінші этап бойынша емделеді. Оларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, науқастар толық айыққанша бір-екі жылға дейін жүруі мүмкін. Мемлекеттік ем қабылдауға квотамен барса, қалталылар ақылы түріне жатады. Есіл өзенінің жағасындағы орталықта бау-бақша егумен айналысады. Өздерінің азық-түлік қоймаларына дейін қарастырған. Іздеп келген туыстары арнайы сол маңдағы қонақүйде жатады. Алкогольді ішімдік ауруы көзге көрінбегенмен кәдімгідей жылдап жүріп емделетін сырқат. Адамның тек өзі ауырғанымен қоймай, туыстарын да уайымға салып, денсаулығына зиянын тигізеді. Сол орталықта толық сауыққан соң оларды жасына қарамай жалақысы бар волонтерлік жұмысқа дайындайды. Мектептерде, арнаулы, жоғары оқу орындарында студенттермен кездесу ұйымдастырып ішімдік ішпеуге, наша шекпеуге шақырып, өз бастарынан өткенін оларға сабақ етіп айтады. Осында жаңадан түскен аурулардың тез емделіп кетуіне психологиялық тұрғыдан көмектеседі. Өзінің басынан өткізген соң жақсы жұмыс жасайды. Әр қалаға іссапармен барады. Бізде енді  осындай оңалтуға бастайтын екінші этапты ашу жоспарлануда.

– Осы маскүнемдік дегеніңіз ауру ма, әлде зиянды әдет пе?

– Бұл алғашында әдет болғанмен біртіндеп ауруға айналады. Мысалы, адам  туғанда ешнәрсеге тәуелді болмайды. Тәуелділік бірте-бірте пайда болады. Қызығып отырыстарда ішкенмен, кейбіреуі соның арасын жиілетіп жібереді. Адам организмінде алколголь деген фигмент бізге қажетті спиртті шығарады. Ал күнделікті ішіп жүрген адамдарда ол фигмент жұмыс істемеген соң, біртіндеп азайып кетеді. Адам сосын сырттан алкоголь талап етіп, араққа деген тартым пайда болады. Ішпесе бірнәрсе жетіспейтін жағдайға жетеді. Біз шөлдесек су ішкіміз келеді ғой. Олар да сондай жағдайға душар болып, артынан ол психолгиялық тәуелділікке алып келеді. Күнделікті ішімдік ішу адамның бүкіл ағзасына, әсіресе  бауыр, жүрек бұлшық еттері мен бүйрек, ми, көз сынды бес органға бірінші зақым келтіреді. Әдет осылайша ауруға айналады.

– Қазір өз еркімен келетін науқастар бар ма? Бұрындары келіп емделуге намыстанады дегенді жиі еститінбіз.

– Бар, бірақ аз. Көпшілігі бізде есепте тұрғысы келмейтіндіктен өз еркімен келуге қорқады. Әрі көпшілікке көрінгісі келмей жеке клиникаларға барады. Намыстанбай бірге ауырған ерлі-зайыптылар да келеді. Әйелдер, жас қыздар да емделеді. Көбінесе оларды туыстары ертіп келеді. Емделіп шығу үшін науқаспен қатар туыстарымен де психотерапевттер жұмыс істейді.  

– Нашаны көбіне байдың балалары шегеді деп естуші едік...  

– Нашаны алу мүмкіндігі азайған соң оны тұтынатындар да кеміп жатыр.  Екіншіден, олар сотталатынын біледі. Мен бір кездері наркотик қолданғандарды емдеген едім. Қазір олар алкогольге өтіп кетті. Айтуларынша, нашаны табу өте қиын, екіншіден ол өте қымбат. Бізге алғаш ауырғанда келмейді. Бізге көбінде науқастар барлық жеке клиникаларға барып емі болмаған соң, асқындырып, уақытты өткізіп алып келеді.

Жаңа айтқанымдай, бізден шыққан соң науқастармен жерілікті емхана наркологтары үнемі жұмыс жасап отыруы қажет. Араққа деген тартымды жоятын, көңіл-күйін қалыпқа келтіретін дәрілер бар. Өйткені ішімдік адамның бүкіл ағзасын құртады. Бұрыннан ішіп жүрген адам ішімдікті бірден қойған соң ашуланғыш болады. Организміне бірнәрсеге жетіспей, бір орында отыра алмайды. Емделіп шыққан соң олардың көңіл күйін қалпына келтіретін, тәбетті ашатын кешенді жұмыс жасау керек. Сол кезде нәтиже шығады. Біз осы препаттардың бәрімен осы диспансерде ем жүргіземіз. Ал бірақ шыққан соң да олар ем алу керек қой. Жергілікті учаскелік дәрігеріне тұрақты түрде қаралып, ем қабылдаса жазылып, қатарға қосылып кетеді.

Сұхбаттасқан

Динар БОРАНБЕКҚЫЗЫ

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу
Қатерлі ісіктен сақтануға бола ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу