Қатерлі ісіктен сақтануға бола ма?

Oinet.kz 26-05-2020 639

Онкологиялық ауру (қатерлі ісіктер) жүрек-қан тамыр ауруларынан кейінгі әлемдегі өлім себептерінің екінші негізгі себебі болып табылатын ауру. Жыл өткен сайын оның көбейіп бара жатқаны қоғамды қобалжытады. Мысалы, 2018 жылы қатерлі ісіктер біздің елімізде 11 пайызға өскен. Онкологиялық аурулардың көбі адам қатерлі ісік ауруын ерте кезеңдерде байқағанда, сәтті емделеді. Соныдықтан оның алғашқы белгілерін әрбіріміз білгеніміз жөн. Ол үшін көп нәрсе қажет емес. Енді соған көңіл аударайық.

Қатерлі ісік ауруларына тексеріліңіз. Қазан айында ...

1. Өзіңізге мұқият қараңыз

Ресейдегі Герцен атындағы ғылыми-зерттеу онкологиялық институтының мәліметі бойынша, Ресейде ауру жаңадан пайда болған кезде ол көбінесе теріге шығады. Барлық осындай жағдайлардың 14,2 пайызы қатерлі ісіктердің бірі болып табылатын қатерлі меланомамен байланысты.

Меланома көбінесе қарапайым қалдардың астында жасырынып жатады, бірақ жаңа пайда болған ісік қалыпты тіннен ерекшеленеді және оны теріге қарап табуға болады. Сондықтан, егер денеңізді үнемі тексеріп, қалды және күдікті пигментті дақтарды зерттеп білсеңіз, тері қатерлі ісігін ерте кезеңде байқауға мүмкіндік бар. Себебі, ауруды бастапқы кезеңінде анықтаса емдеу тиімдірек болмақ.

Тері қатерлі ісігіне қалай тексеру жасауға болады?

Теріңізді жарық жақсы түсетін бөлмеде душ немесе ванна қабылдағаннан кейін тексеріңіз.

1. Шешініп, айнаның алдына бүкіл денеңізді көре алатындай тұрыңыз. Содан кейін бет, мойын, кеуде және іштегі қалдарыңызға қарап, тексеріп шығыңыз. Әйелдер кеуделерін көтеріп, төстің астындағы теріні тексерулері керек. Сондай-ақ, қолтықтың терісін, алақанның сырт жағын, саусақтардың арасындағы бос жерді тексеру қажет.

2. Отырып, аяғыңызды барлық жағынан тексеріп, саусаққа да қарап шығыңыз. Қолыңызға кішкентай айна алып, аяқтарыңызды артқы жағынан тексеріңіз. Яғни, тізенің артын, жамбастың артқы жағын тексеріп шығыңыз.

3. Сол сияқты айнаның көмегімен бөксені, шап аймағын тексеріңіз. Себебі, ісік жыныс мүшелерінің терісінде де пайда болуы мүмкін.

4. Үлкен айнаға артқа қарап тұрып, кішкене айна арқылы арқаңызды тексеріңіз.

Соңғы жылдары тері қатерлі ісігі көп көбейгендіктен онкологтар осындай тексерулер жасап тұруды ұсынады.

Нені ескеру керек?

– Қал немесе дақтың диаметрі 6 мм-нен артық болса;

– Теріде кедір-бұдырлы, шеттері қисық ісік секілді нәрсе пайда болса;

– Қал немесе дақтың түсі ерекше, яғни қызыл не болмаса жартылай қара түсті болса;

– Терінің бетіне шыққан кез-келген дақ, ісік немесе жара болса.

Онкологиялық тері ауруларының көбі әртүрлі көрінеді. Сондықтан қышыған, суланған, қан аққан және қабыршақтанған жерлердің бәрін мүмкіндігінде дәрігерге көрсету керек. 

2. Салмақты тексеру қажет

Көптеген онкологиялық аурулар білдіртпей дамиды. Яғни, қатерлі ісік пайда болған, бірақ өзі жайлы ешқандай ауырсынулар мен қандай да бір ерекше белгілер бермейді. Ал кез келген адам ондай әдеттегі ауруларға назар аудармайды.

Онкологиялық ауру белгілерінің бірі – тамақтану мен өмір салты өзгермеген жағдайда салмақ тастау болып табылады.

Көбінесе асқазан, ұйқы безінің, өңештің немесе өкпе қатерлі ісігінің белгілері осылай біліне бастайды. Әрине, салмақ тек қана қатерлі ісікке байланысты жоғалмайды. Сондықтан, дене салмағындағы өзгерістердің қаншалықты анықтығын білу үшін сізге үнемі салмақ өлшеп тұру керек. Сондай-ақ, уақытында дәрігерге барып, не себепті салмақ тастағаныңызды білу керек. 

3. Генетикалық талдау жасату керек

Көптеген қатерлі ісік түрлеріне деген бейімділік тұқымқуалаушылыққа байланысты болады. Ал генетикалық тестілеу тәуекелді арттыратын мутацияны анықтауға көмектеседі. Егер отбасыңызда қатерлі ісікпен ауырған адам болса, онда отбасының басқа мүшелеріне де генетикалық талдама жасату керек.

Мысалы, BRCA1 және BRCA2 гендері сүт безі қатерлі ісігінің дамуына әсер етеді. Егер адамның ағзасынан осындай гендер табылса, оның тәуекелге ұшырағаны анық.

«Нашар» ген – бұл әлі ауру емес. Ол тек денсаулыққа мұқият болу және күдікті ауруларды жіберіп алмау керектігін көрсететін сигнал.

4. Маммография жасату

Маммография – сүт безін рентген сәулелері арқылы зерттеу. Әйелдерге 40-45 жастан кейін жүйелі түрде маммографиядан өту ұсынылады, ал 50 жастан кейін жылына екі рет осындай тексеруден өту керек. Бірақ, осы жас шектеулерге дейін қатерлі ісікке тексеруден өтудің мәні жоқ, тіпті ол зиянды. Тексеруді неғұрлым жиі жасатса, жалған оң нәтиженің көрсеткіші соғұрлым жоғары болады. Ал бұл, өз кезегінде, қажетсіз зерттеулер мен ауыр оталарға алып келеді.

Кеудеден ауру белгілерін өздігінен іздеу зиянды.

Бақылауға сәйкес, өздігінен диагностика жасау сүт безі қатерлі ісігін ерте кезеңде анықтауға көмектеспейді. Бірақ бұл сізді бекерге уайымдатып, емдеуді қажет етпейтін жағдайларды емдеуге мәжбүрлейді.

Сондай-ақ, ер адамдарда да сүт безі қатерлі ісігі болады, бірақ жиі емес. Сондықтан оларға жағымсыз симптомдарға назар аудару ғана жеткілікті. Егер кеудеде ауырсыну немесе емізіктен кез-келген сұйықтық шықса немесе олардың пішіні өзгерсе міндетті түрде дәрігерге қаралу керек.

5. Қанша шылым шегетініңізді есептеңіз

Өкпе қатерлі ісігі – онкологиялық аурулардың ең көп таралған түрлерінің бірі, бірақ онымен көбінесе шылым шеккендер ауырады. Тіпті 15 жыл бұрын темекіні тастап кеткендердің де бұл ауруға шалдығу қаупі бар. Өкпенің қатерлі ісігін дамытудың маңызды шарты ықтимал науқастың қанша темекі шеккеніне байланысты.

Ал аурудың мүмкіндігін бағалау үшін шылым шеккен адамның индексін пайдалануға болады. Ол былай есептелінеді: Бір күнде шеккен темекі санын шылым шеккен жылдың санына көбейтіп және оны 20-ға бөлу керек. Егер көрсеткіш 25-тен асса, онда адам қатты шылым шеккіштердің қатарына кіреді. Демек, оларда өкпе қатерлі ісігіне шалдығу қаупі жоғары. Сондықтан, ол адам қосымша тексеруден өтуі тиіс.

Айта кетейік, өкпенің қатерлі ісігін анықтау үшін флюорографияны емес, компьютерлік томографияны қолданады.

Не істемеу керек?

1. Өзіңе диагноз қоймау керек. Уикипедиядағы симптомдардың тізімін оқып білуге болады. Бірақ, мұндай іздеуден кейін қандай да бір дертке шалдықтым деп қорытынды жасауға болмайды. Біздің міндетіміз тек ескерту белгілерін байқау. Ал диагнозды мамандар тексерулер мен сынақ талдамаларын жүргізгеннен кейін өздері қояды.

2. Онкомаркерге қан өткізуге болмайды. Бұл сынақтар диагнозы расталған пациенттерге керек, сондықтан да сау адамдардың талдама қорытындысы жалған оң нәтиже беруі мүмкін. Мысалы, қабыну үдерісіне байланысты. Мамандар онкометрдің көмегімен емдеу динамикасын бақылайды. Бұл зерттеу үшін қайталанады және нәтижелері салыстырылады. Ал бір реттік талдау пайдалы ақпарат бермейді.

3. МРТ, УДЗ және басқа да зерттеулерді себепсіз жүргізбеу керек. Себебі, барлық диагностикалық процедуралар ауру симптомдары пайда болғаннан кейін ғана тағайындалады. Оның үстіне дені сау адамды қандай да бір шағымсыз тексерудің пайдасы жоқ. Себебі, дәрігер неге қарайтынын білмейді.

Ал ішкі ағзаның әрбір шаршы сантиметрін зертеу тиімсіз, өйткені қауіпті нәрсе жіберіп алу қаупі жоғары. Немесе ағзадан маңызды емес нәрсені тауып, оны бар күшті жұмсап емдеу қаупі бар.

Сондықтан ауруды жоқ жерден іздемеңіз. Қатерлі ісікті шынымен де ерте кезеңдерде анықтаған жақсы, бірақ ең бастысы оны шамадан тыс іздемеу керек.

Алколголь фигменті аз адам ішімдікқұмар болады
Алғашқы диагнозды кім қойған?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу