Парацетамол дәріханаларға қашан келіп түседі?

Oinet.kz 02-07-2020 1542

Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова Орталық коммуникациялар қызметінде Covid-19 диагностикасымен қамтуды көбейту және халықтың өсіп келе жатқан сұранысына байланысты дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарын жеткізу туралы сараптамалық брифингін өткізді.

дәрі.jpg

Сурет ашық дереккөзден алынды

Вице-министр коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай айтарлықтай шиеленісіп отырғанын жасырмады. Қазақстанда науқастар мен коронавирусты симптомсыз тасымалдау жағдайлары тіркеліп жатыр. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, оның ішінде бөлшек сауда желісінде кейбір препараттардың болмауы секілді мәселе бар.

"Расында, дәріханаларда парацетамол секілді ыстық түсіретін кейбір дәрілер сатылып кеткен. Қазақстанда парацетамолдың 80-нен астам түрі тіркелген. Парацетамол дәріханаларға жеткізіліуде. Алматы мен Нұр-Сұлтанда, Қарағанды облысының дәріханаларында бар. Алдағы 2-3 күнде қалған өңірлерге жеткізіледі", – деді Бюрабекова.70 мың қаптама "Ингавирин" препараты, 49 мың қаптама "Тамифлю" препараты апта соңына дейін дәріханаларға түседі. 

Вице-министрдің сөзінше, оларды коронавирусты емес, ЖРВИ және тұмауды емдеу кезінде қолданады. Отандық өндірушілер шығаратын антибактериалды препараттар дәріханалар желісіне келіп түскен.Бірнеше аймақ дәрі-дәрмек сатуды шектеген. Қалған өңірлер бір адамға екі-үш қаптамадан артық дәрі беруді шектеу үшін бөлшек сауда қауымдастықтарымен меморандум жасауды жоспарлап отыр. Себебі, емдеу курсынан өтуге дәл осындай мөлшердегі препараттар жеткілікті. Жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттары болған соң үйде дәрі-дәрмектер ұзақ уақыт тұрып қалмағаны жөн.


Сарымсақ коронавирусты жұқтырудан қорғай ма?
Пневмонияның белгілері қандай – маман кеңесі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу