Үш әйел алғандар жүрек ауруына жиі шалдығады

Oinet.kz 24-05-2019 1662

Screenshot_6.jpg

Саудиялық ғалымдар көп әйелі бар еркектер бір әйелі бар еркектерге қарағанда жүрек-қан тамырлары дертімен көбірек ауыратынын дәлелдеді. Ғалымдардың айтуынша, бұның басты себебі – бірнеше отбасының қамы мен жүйкенің жұқаруы екен. 2008 жылы АҚШ-тың ғалымдары полигиния, яғни көп некелілі ерлердің ұрпағына өтетін хромосомдары мен генетикалық материалдарының құрамы сапасыз болатынын дәлелдеген.     

Енді осындай тұжырымға Сауд Арабиясының ғалымдары келіп отыр. Король Фейсал атындағы Зерттеу орталығының кардиологы Амин Дауланың пікірінше, көп әйелі бар еркектердің бір әйелі бар еркектерге қарағанда жүрек-қан тамырлары дертімен 4 есе көп ауыруы, бірнеше отбасын асырау қаржылық және эмоционалдық тұрғыдан қиын болғандықтан туындайтын жағдай. «Біздің  жүрек-қан тамырлары аурулары мен көп некелілік арасында тікелей байланыс бар екеніне көзіміз жетті» - дейді Амин Даула. 

Саудиялық ғалымдар өткізген зерттеуге 687 еркек қатысыпты. Қатысушылардың 68 пайызының – бір әйелі, 19 пайызының – екі әйелі, 10 пайызының – 3 әйелі, ал 3 пайызының – 4 әйелі болған. Зерттеуге қатысқандардың орташа жасы – 59 жасты құраған. Бұл азаматтардың жартысынан көбі гипертония  (жоғары кан қысымы) мен диабетпен (қант ауруы) ауыратын болған, сондай-ақ зерттелгендердің жартысы ілгері жүрек-қан тамыры дертімен ауырған. Зерттеулердің нәтижесі қатысушылардың ішіндегі көп некелілердің  жүрекке қан апаратын тамырлары  бір әйелі бар азаматтарға қарағанда 4,6 есе жиірек тарылатыны анықталған.

«Отбасылық стресс жүрекке қан апаратын тамырлар ауруының ықтималын арттыра түседі» - дейді жоғарыдағы зерттеуші ғалымдардың бірі, Еуропалық кардиологтар қоғамының экс-президенті Мишель Комаджа. Бұл ғалымның пікірінше, полигинияның, яғни көп некеліліктің әсері  әйелдер ішіндегі  жүрек-қан тамырлары дерті  жағдайына қаншалықты ықпал ететінін зерттеу де қызық тақырыптардың бірі болмақ.   

Сарапшылардың пікірінше, эволюциялық тұрғыдан алғанда көп некелілік әйелдерге қарағанда, ерлер үшін тиімді. Көп некелі әйелдер бір әйелі бар еркектерге қарағанда көбірек ұрпақ қалдырады. Ал әйелдердің 9 айда бір-ақ рет туа алатыны белгілі. 

Азырақ статистика. 1727 жылы о дүниелік болған Марокканың сұлтаны Мауля Исмаилдың соңында – 888 баласы қалған. Олардың 548-і ұл, 340-ы қыз бала болған екен. Ендігі патшалар бұл рекордты қайталай қоймас.  

Мұрағаттан, 2015 ж

Гипертония ауруына жол бермеңіз!
«Біз денсаулықты таңдаймыз!»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу