Сұлыны емге қолдану

Oinet.kz 25-07-2019 2563

Screenshot_1.jpg

Сұлы құрамында дәрумендер мен минералдардың үлкен тобы бар. А, Е дәрумендері шаш пен тырнақтың өсуіне, саулығына, терінің серпімділігіне пайдалы болса, B, F дәрумендері жүйке жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне әсер етеді, асқазан-ішек жолдарына оң ықпал етеді, күрделі көмірсуларды глюкозаға айналдырады.

- Қан құрамындағы қант деңгейін азайтады, сондықтан сұлыны қант диабетіне шалдыққан адамдардың тұтынғаны жөн.

- Сұлының пайдалы қасиеттерінің бірі ол организмдегі артық сұйықтықты шығарады, ісінулермен қоса зиянды заттарды да шығарады. 

- Холестеринді түсіруге әсер етеді.

- Сұлы асқазан-ішек жолының қызметіне оң әсер етеді: тыныштандырады, бүкіл ас қорыту жүйесін қалыпқа келтіреді.   Сұлының ішекке пайдасы – ол іш қатумен күреседі.

- Жүйке жүйесін нығайтады, күйзеліс кезінде көмектеседі.

- Сұлының суы мен тұнбасы ыстықты түсіретін, терлететін қасиетке ие

-Сұлы бауырға өте пайдалы. Белгілі болғандай, бауыр – біздің қан түзу мүшеміз. Онда бүкіл токсиндер мен шлактар жиналады. Бауырымызды тазалай отырып, біз ағзамызға жаңа күш береміз.

- Сұлы азғаның ауруға төтеп беру қабілетін арттыра ды.

- Жөтелді өте жақсы емдейді және қалқанша безге өте пайдалы

- Сұлы дәндерінде құрамы бойынша бұлшық ет ақуыздарына жақын аминоқышқылдар бар.

- Сұлының құрамында пайдалы ферменттер мен органикалық қосындылар бар.

Протеинді қандай мөлшерде тұтыну керек?
Сыраның (пивоның) денсаулыққа зияны және пайдасы жайлы білесіз бе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу