Үш жылда 116 денсаулық сақтау нысаны салынды

Oinet.kz 21-06-2026


Түркістан облысы әкімінің бастамасымен былтыр Ұлттық жоба аясында әзірленген үлгілі жобаларды қайта қолдану арқылы ауылдық елдімекендерде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін 35 ғимарат салынып, пайдалануға берілді. Бұл туралы Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» кешенінде Медицина қызметкерлері күні мерекесіне арналған іс-шарада айтылды.

Денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын дамыту бойынша Мемлекет басшысының «Әділетті мемелекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының үшінші бағдары – «Ел болашағына арналған стратегиялық инвестицияны» орындау мақсатында 2024 жылы облыста жалпы 55 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарының құрылысы жүргізілді. Оның ішінде 49 нысан «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында іске асырылды – 20 дәрігерлік амбулатория, 23 фелдьшерлік-акушерлік пункт, 6 медициналық пункт. 3 дәрігерлік амбулаторияның ғимараты облыстық бюджет есебінен, 2 фелдьшерлік-акушерлік пункт пен 1 медициналық пункт жеке инвесторларды тарту арқылы салынды.

Ал, Түркістан облысы әкімінің бастамасымен 35 салынған медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету нысанының 8-і дәрігерлік амбулатория, 5-еуі фелдьшерлік-акушерлік пункт, 22-сі медициналық пункт және Түркістан қаласында Балалар оңалту орталығы. Барлығының құрылыстары толық аяқталып, игілігіне пайдалануға тапсырылды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, биыл 21 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысан салынуда. Ол құрылыстардың 7-еуі дәрігерлік амбулатория, 2-еуі фелдьшерлік-акушерлік пункт, 11-і медициналық пункт. Сонымен қатар, қосымша 4 жедел жәрдем дислокациясының құрылысы – Сайрам ауданындағы Қарабұлақ ауылында, Жетісай ауданының Асықата кентінде, Түлкібас ауданының Састөбе ауылында, Ордабасы ауданының Төрткүл және Шұбарсу ауылдарында салынуда. Жалпы соңғы 3 жыл ішінде 116 денсаулық сақтау нысандарының құрылысы жүргізілді.

Бұдан бөлек, Түркістан облысы аумағында 4 ірі медициналық нысан салынуда. Біріншісі – Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Түркістан облысына 2022 жылдың 27 қыркүйектегі жұмыс сапары барысында берген тапсырмасын орындау мақсатында «Сарыағаш қаласында 300 төсек-орындық көпбейінді аурухана құрылысы» жобасы іске асырылуда. Құрылыс жұмыстарын аяқтау мерзімі 2028 жылға жоспарланған. Екіншісі – Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасының «Заманауи жабдықтармен жарақтандырылған және білікті медицина персоналымен жасақталған заманауи перинаталдық орталықтар желісін салу» іс-шара жоспарына Ордабасы ауданының орталығы Темірлан ауылында 200 орындық облыстық перинаталдық орталығының жобасы енгізілген. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың желтоқсан айында басталып, 2028 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарлануда. Үшіншісі – Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қоры тарапынан демеушілік есебінде қаржыландырылатын Түркістан қаласында жоғары мәртебелі шейх Мұхаммед Бен Заид Аль Нахаян атындағы 80 төсек-орындық перзентхана салу жобасының құрылыс жұмыстары

жүргізілуде. Ағымдағы жылдың қазан айында нысанды пайдалануға беру жоспарлануда. Төртіншісі – Түркістан қаласында 570 төсек-орындық көпбейінді аурухана жобасы бойынша, құрылыс-монтаждау жұмыстары 86 пайызға орындалған. Құрылыс жұмыстарын аяқтап, пайдалануға тапсыру 2027 жылдың сәуір айына жоспарлануда.

2024 жылы Бәйдібек аудандық орталық ауруханасына қарасты «Боралдай» дәрігерлік амбулатория ғимараты толық күрделі жөндеуден өтті. Бұдан бөлек, 2024 жылы Кентау қалалық орталық ауруханасы және «Абай» Келес аудандық ауруханасы ғимараттарының күрделі жөндеу жұмыстары басталып, 2025 жылға өтпелі болды.

2025 жылы тозығы жеткен 3 нысанның күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылды, олар – Кентау қалалық орталық ауруханасы, Қазығұрт аудандық орталық ауруханасына қарасты «Қаратас» емханасы, Шардара аудандық орталық ауруханасына қарасты «Алатау батыр» ауылдық ауруханасы.

3 нысанның күрделі жөндеу жұмыстары 2026 жылға өтпелі ретінде іске асырылуда, олар – «Қарабұлақ» Сайрам аудандық аудандық ауруханасы, «Асықата» Жетісай аудандық ауруханасы мен Сайрам көпбейінді орталық аудандық ауруханасының күрделі жөндеу жұмыстары «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында Арнаулы мемлекеттік қор есебінен қаржыландырылып 2024-2026 жылдарға өтпелі болып іске асырылуда.

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында екінші міндетке сәйкес Жетісай, Ордабасы, Сайрам, Сарыағаш аудандық ауруханалары көпбейінді орталық аудандық аурухана ретінде жаңғыртылды.


Түркістан дәрігерлері 75 мыңнан астам ота жасап, 42 ағза ауыстырды
Түркістан медицинасы үш жылда 1548 медтехникамен жабдықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу