Түркістан медицинасы үш жылда 1548 медтехникамен жабдықталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялап және осы бағыттағы іс-шараларды жүзеге асыруды тапсырған Жарлығы бойынша ағымдағы жылы медициналық ұйымдарға «Жасанды интеллектіні қолдану арқылы радиологиялық зерттеулерді орталықтандыру» жобасы іске асыру арқылы PACS-жүйесін енгізу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, бірыңғай байланыс нөміріне медициналық шақыртуларға арналған дауыстық роботтарды қосу және Түркістан қалалық орталық ауруханасына Сerebra – ми инсультін автоматтандырылған диагностикалауға арналған бағдарламалық жүйесін жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл туралы Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» кешенінде Медицина қызметкерлері күні мерекесіне арналған іс-шарада айтылды.
Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің айтуынша, медициналық ұйымдарды заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жарақтандыру мақсатында жалпы соңғы үш жыл ішінде, яғни 2024-2026 жылдар аралығында 1548 дана медициналық техника, оның ішінде 40 дана маңызды ауыр медициналық техникамен жарақтандырылды. Атап айтқанда 5 дана магниттік-резонанстық томография аппараты, 6 дана компьютерлік томография аппараты, 2 дана стационарлық ангиография аппараты, 7 дана бейнеэндоскопиялық жиынтық, 9 дана эксперттік санаттағы ультрадыбыстық зерттеу аппараты, 5 дана ЛОР, 3 дана маммографиялық жүйе, 2 дана АИК жасанды қан айналым аппараты, 1 дана ЭКМО, 4 дана онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспар аясында диагностикалық құрал-жабдықтарымен толықтырылды.
«Мектеп медицинасын дамыту тұжырымдамасының жобасы» аясында мектептердің медициналық кабинеттері 20 дана стоматологиялық қондырғы және 348 дана дефибриллятормен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына облыс көлемінде орналасқан перинаталдық орталықтардың қызметіне 2 дана арнайы неонаталды реанимобильмен және 60 дана санитарлық жедел жәрдем автокөліктерімен толықтырылды.
Ағымдағы жылы өңір медицинасы қосымша 1 дана магниттік-резонанстық томография аппараты және 2 дана стационарлық ангиография аппараттарымен толықтырылатын болады. Онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспарды орындау мақсатында, 10 дана диагностикалық құрал-жабдықтарымен толықтырылу жоспарлануда.
Түркістан медицинасының жетістері паш етілген салтанатты іс-шараға денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, сала ардагерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және өңір тұрғындары қатысты. Салтанатты жиында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров медицина саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, үздік атанған медицина қызметкерлерін марапаттады. Атап айтқанда, Бәйдібек аудандық орталық ауруханасының басшысы, білікті дәрігер Гүлдария Шардарбекова мен облыстық клиникалық ауруханасының Эндокринологиялығы орталығы басшысы Ғалия Батырханова «Құрмет» орденімен, Кентау қалалық емханасының жантист дәрігері Назгүл Шораева «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Сондай-ақ «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі 4 азаматқа – Созақ аудандық орталық ауруханасының хирург дәрігері Бүркіт Арынбеков, Түркістан қалалық орталық ауруханасының зейнеткер мейіргері Флюра Загидуллина, облыстық клиникеалық ауруханасының Функционалды диагностика бөлімі меңгерушісі Гулнара Алиева және №1 облыстық премнаталдық орталығының Босандыру бөлімшесі меңгерушісі Нұрлан Жүсіповке, Алғыс грамотасы «Асықата» Жетісай аудандық ауруханасының жалпы тәжірибелі дәрігері Фатима Шамшиеваға, Сауран аудандық емханасының қызметкерлері – аға дәрігер Жұмагелді Орынбасаров пен мейіргер Тамара Матановаға, облыстық фтизиопульманология орталығының қызметкерлері – Емхана бөлімі меңгерушісі Айгүл Мырзатаева мен Жасөспірім балалар бөлімі меңгерушісі Хасият Исмайловаға, Түркістан қалалық балалар ауруханасының мейіргері Таңшолпан Досманға жіне Түрксітан қалалық емханасының дерматолог дәрігері Гаухар Сейітоваға табысталды. Марапаттау рәсімінде 2025 жылдың қорытындысы бойынша облыстық негізгі медициналық көрсеткіштердің орындалуында үздік нәтиже көрсеткен Сауран аудандық емханасына жаңа автокөліктің кілті тапсырылды. Сонымен қатар өңірдегі бес оңалту орталығына демеушілер есебінен медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға арналған 2 миллион теңгелік сертификаттар берілді.
Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов пен Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев өңірдің денсаулық сақтау жүйесінде жемісті еңбек етіп жүрген мамандарға құрмет көрсетті. Сонымен бірге медицина қызметкерлеріне Денсаулық сақтау министрлігінің марапаттары тапсырылды.


