Түркістан облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы – Қазақстанның үздік мекемесі!
Астанада өткен Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шарада Түркістан облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы Қазақстанның «2026 жылдың үздік облыстық жедел жәрдем станциясы» номинациясын иеленді. Бұл жоғары марапат – өңір тұрғындарының өмірі мен денсаулығын қорғау жолында тәулік бойы қызмет атқарып жүрген жедел жәрдем қызметкерлерінің кәсібилігі мен жанқиярлық еңбегінің нәтижесі.
– Түркістан облысының жедел медициналық жәрдем станция 2 млн 148 мыңнан астам тұрғынға 167 бригаданың күшімен 35 дәрігерлік, 132 фельдшерлік қызмет көрсетеді. Қызмет көрсету радиусы 250 шақырымды құрайды. Тәулігіне 2500-3000 арасында шақыртулар түседі. Шақыртулардың көпшілігі кешкі сағат 6 мен түн сағат 12 арасында түседі. Түркістан облысы бойынша Жедел медициналық жәрдем станциясының құрамында 6 бекет пен 17 бөлімшеде шақыртулардың кешігуін азайту және жедел медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту үшін қосымша 48 тәуліктік посттар ұйымдастырылды. Жедел медициналық жәрдем автопаркі 2025 жылы 2 дана неонаталды реанимобильмен және 60 дана Hundai Staria маркілі санитарлық автокөліктерімен қамтамасыз етілді. Барлық санитарлық автокөліктер GPS навигациясымен 100 пайыз, рациямен 100 пайыз және барлық қызметкерлер 100 пайыз бейнежетондарымен қамтамасыз етілді, – Түркістан облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы Бақытжан Мырзагелдиев.
Мырзагелдиевтің мәлімдеуінше, жедел медициналық жәрдем қызметінің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру және негізгі көрсеткіштерді одан әрі жақсарту мақсатында мекеменің ақылы қызметінің қаражатына 2025 жылы 4 жаңа бекет пайдалануға берілді. Бүгінгі таңда 5-ші жаңа бекеттің құрылысы жалғасуда. Бұл инфрақұрылымды дамыту жобалары халыққа жедел медициналық көмекті уақтылы көрсетуге және бригадалардың жұмысын оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Сәтті реанимация көрсеткіші өткен жылдың 5 айында 59 пайыз болса, биыл 5 айда 90 пайызға жоғарлаған. Нозология контекстінде сәтті реанимация толық көлемде жүргізілді. Жүрек қызметің сәтті қалпына келтіру жоғары деңгейінде көрсетілген. Жедел медициналық жәрдем бригадаларының уақтылы жету көрсеткіші былтыр 5 айда 95 пайыз болса, 2026 жылдың алғашық 5 айында 98 пайызға жетті. Заманауи медициналық жабдықтармен толық қамтамасыз етілген екі неонаталдық реанимобиль арқылы 234 жаңа туған нәрестеге мамандандырылған медициналық көмекке қолжетімділік қамтамасыз етіліп, олар тиісті медициналық ұйымдарға қауіпсіз тасымалданды. Бұл нәрестелерге дер кезінде білікті көмек көрсетуге және олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік берді.
– Жедел жәрдем көліктерінің негізгі функциясы – бірінші, екінші, үшінші категориялық шақыртуларға уақытылы жету. Бірінші категориялық шақыртуға 10 минут, екінші категориялық шақыртуға 15 минут, үшінші категориялық шақыртуға 30 минут ішінде жету керек. Категория адам өміріне қауіп төндір белгілеріне, аурудың симптомдарына, ағзадағы өзгерістерге қарай бөлінеді. Осы күнге дейін облыстық медициналық жәрдем станциясында алға ілгерілеушіліктер көп болды. Жедел жәрдем көліктері аудандардың балансында болғанда шақырту қабылдайтын бір-ақ телефон-тұғын. Бір шақыртуды қабылдап жатқан кезде екінші шақыртушы байланыса алмайтын. Қазір бір мезетте облыс бойынша 30 диспетчер 200 шақырту қабылдай алады. Одан басқа ауруханалардың жанындағы төртінші категориялық шақыртуларды да үйлестіріп отыратын диспетчерлеріміз бар. Олар жедел жәрдем бригадасы елдімекен ішіндегі көшелермен үйді тауып барғанша шақыртушымен байланысып, науқасқа алғашқы көмекті қалай көрсету керектігін айтып, кеңесін беріп, жағдайды нақтылап, дәрігерге қажетті мәліметтерді базаға тастайды. Бұлай телефон арқылы жедел дәрігерлік көмек көрсету еуропалық стандарт саналады. Біз мұны әлі де жетілдіретін боламыз.
Навигацияның көмегімен біз бір жерде отырып-ақ 167 бригаданың қайсысы қай жерде, қайсысы шақыруға бара жатқанын не қайтқанын, қайсысы бос екенін анықтап көріп-біліп отырамыз. Пациентке неғұрлым ертерек жету үшін шақыртуды сол маңдағы қайтып келе жатқан жедел жәрдемге жеткізуге тырысамыз. Уақытты үнемдеуіміз керек. JPS навигаторлардың көмегімен қадағалағанда орындалмаған шақыртулар қызыл, орындалып толық аяқталғаны жасыл, шақыртуға бара жатқаны сары түспен белгіненіп тұрады. Тіпті жедел жәрдем көлгінің не үшін тоқтағанын да анықтауға болады. Ал, егер навигаторсыз бір телефонмен отыратын болсақ, көп кешігеміз, тіпті сағаттап үлгере алмауымыз да мүмкін. Өйткені шақыртудан қайтқан көлік подстанцияға жеткен соң ғана екінші шақыртуға шығады. Бұлай жедел жәрдем беру мүмкін де болмайды. Қол жеткізілген нәтижелер медицина қызметкерлерінің кәсібилігінің, ұжымның үйлесімді жұмысының және жедел медициналық көмек көрсету жүйесін үздіксіз жетілдірудің арқасында мүмкін болды, – дейді Мырзагелдиев.


