Кішкене жарақат кезінде қан тоқтату әдістері

Oinet.kz 01-10-2019 1692

Кішкене жарақат алу мен кесіп алу кезіндегі алғашқы көмек осылай орын алады:

1. Қолды жуыңыз

Бұл жара бетіне инфекция түсірмес үшін маңызды. Қолды сабьындап жуу қажет және гель-антисептиктер, ылғалды майлықтар қолданған дұрыс. Сондай-ақ, стерильді медициналық қолғап киюге болады, егер олар қол астында болса.

2. Қан тоқтату

Болмашы кесулер немесе сызаттар кезінде қан кету, әдетте, өздігінен тез тоқтайды, сондықтан аса мән беріп қажет емес. Тек инфекциядан сақтау үшін кілейлі ждапсырма жапыстырсаңыз болады. Егер қан ағып кетсе, жараға таза дәке немесе басқа матаның бір бөлігін салыңыз және сәл қысыңыз. Бір минуттай ұстап тұрыңыз, қажет болса, одан да көбірек.

Егер қол астында дәке болмаса, сізге басқа әдісті қолдануға болады, жараға сумен жуылған және сәл шайылған жапырақ таңуға болады. Себебі онда қан кетуді тоқтатуға көмектесетін тұтқыр заттар бар.

3. Жараны сумен жуыңыз

Әрине, таза сумен. Бпар болса сабынмен де жуып тастауға болады.

Назар аударыңыз: «перекись водорода» немесе йод қолданбаңыз. Бұл құралдар қосымша тітіркену тудыруы мүмкін.

4. Жарадан кір мен қоқысты мұқият алып тастаңыз

Көбінесе олар алдыңғы кезеңде сумен жуылады. Егер балшық қалған болса, оларды спиртпен өңделген пинцеттің көмегімен алып тастаңыз.

5. Жараға май-антибиотик немесе вазелин жағыңыз

Екі құрал да теріні ылғалдауға көмектеседі. Бұл тыртықтардың қалыптаспауына ықпал жасайды. Антибиотик жұқтыру қаупін төмендетеді.

Назар аударыңыз: кейде май ингредиенттері жеңіл бөртпені тудыруы мүмкін. Егер жоғарыдағыдай белгі байқасаңыз, ол құралды пайдалануды тоқтатыңыз. Және терапевтпен кеңесіңіз: ол қауіпсіз нұсқаны ұсынады.

6. Кесікті таңғышпен таңыңыз

Ол жараны жаңа бактериялардан қорғайды. Егер сіз саусағыңызды немесе қолыңызды жарақаттап алған болсаңыз жараны таңу оңайға түседі, ал денеңіздің басқа, икемге келмейтін жерлері жарақат болған болса, сізге жапсырма көмектеседі.

Көптеген кесіктер мен сызаттар толық 7-10 күн ішінде кетуге тиісті. Егер көрсетілген мерзімнен ұзақ уақытқа созылса дәрігерге қаралғаныңыз жөн.

Назар аударыңыз: инфекция түспеуін қадағалаңыз. Бұл маңызды.

Жөтелден айығу тәсілі
Омега-3 не үшін ішу қажет?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу