Сергей Брин. Атақты «Google» іздеу жүйесінің авторы

Oinet.kz 06-11-2019 943

Сергей Брин.jpg

Сергей Бриннен өзінің туған жері туралы сұрағанда "Ресей - қар үстіндегі Нигерия" депті. 1979 жылы небары 5 жасымдағы қиын кезеңде менің әке шешем КСРО- дан АҚШ- қа келді. Егер, сол тұста Америкадан саяси баспана сұрап, біздің жанұя осында келмегенде мен қазір үлкен жетістікке жетпейтін едім депті ол.

Сергей Бринның әке- шешесі Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген үздік математиктер еді. Олар Ресейде тұратын еврей әулиетінің өкілдері болды. Ал, баласы небары 5- ке келгенде АҚШ- қа қоныс аударды. Америкадағы оқуын үздік бітірген Сергей Брин 1997 жылы өзінің досы Ларри Пейджбен бірге "Google" компаниясын құрады.

Ал, қазір Сергей Бринның жағдайы 53 миллиард долларға бағаланады. "Google" іздеу жүйесінен адамдар айына 41 млрд. 385 миллион құжатты іздейді. Ал онда сақталған материалдар саны 60 триллионға жеткен екен.

2004 жылдың өзінде "Google" компаниясының 1000 қызметкері миллионер атанды. Олардың ішінде 1998 жылдан бері Гуглда жұмыс істеп келе жатқан массажист пен еден жуушы да бар екен. Айтпақшы, "Yahoo" іздеу жүйесі 1999 жылы "Google" компаниясын 1 миллион долларға алмай қойған екен. Ал, араға 5 жыл салып Гуглдың құны 5 миллиард доллардан асып кетті...

Айбол Қарашевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Дубай әміршісі қолдан жасаған арал
140 миллион долларға сатылған картина
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу