​«Тірі» почта

Oinet.kz 08-11-2019 1069

Тірі почта.jpg

Почта қызметі адамзат өміріне енгелі бері әлемнің түкпір-түкпірімен байланыстың нығая түскені анық. Әдетте почтамен хат, түрлі заттар, тіпті кейде жан-жануарларды да жіберіп жатамыз. Алайда адамды почтамен жіберген дегенді естуіңіз бар ма? Мұндай заң 1913 жылы Америкада пайда болған. Яғни балаларды ата-әжесіне, туысқандарына почта арқылы жіберуге заң жүзінде рұқсат етілген.

Киімдеріне "Тірі жолдама" деген почта баспасы койылып пойызбен почталық курьер бақылауында жөнелтілген. Бағасы: 53 цент болған. «Тірі» почта қызметін ең алғаш пайдаланған  Джесси мырза болатын. Ол Огайо штатынан Вемон елді-мекеніне Луи ханымға немересіе салып жібереді. Курьерлер балақайды әжесіне аман-есен жеткізіп берген.

Ертеңгі ауа-райын жануарға қарап білуге болады
Баскетбол қайдан шыққан?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу