I Петр - стоматолог

Oinet.kz 20-11-2019 1070

Ресейде стоматологияны дамытқан  патша  I Петр  болып саналады. Ол бала күнінен тіс тазалығына ерекше мән беріп, өздігінше ем-дом жасап жүрген көрінеді. Еуропаға аттанған саяхатында ол стоматологиялық құрал-жабдықтар алып келеді. Сондай-ақ біраз білім жинайды. Еліне келген соң сарай қызметкерлерінің тісін емдеуге кіріседі. Патшаның мұндай қасиетін естіген жұрттар кейіннен сарай алдына ағыла бастайды. Петр патша тіс жұлудың нағыз шебері болған деседі.  Санкт-Петербург қаласындағы  антропология және этнография мұражайында  I Петр жұлған тіс реесті сақталған. Коллекцияда 73 тіс бар. Олардың ешқайсысы сынбаған. Осыған қарап-ақ ел билеушісінің тәп-тәуір стоматолог болғанын байқауға болады.  Сондай-ақ эрмитажда тіссауытқа арналған қысқыш сақталған. Ол да патшаға тиесілі.

Патша.jpg

Бірінші Петр кезінде елде медицина саласы айтарлықтай қарқын алды. 1702  ол Ресейге  голландық дәрігер Н.Бидлоны шақыртты. Білікті дәрігер Мәскеуде сол жылы ашылған госпиталь мектебін басқарып, шәкірттерге медицинаның қыр-сырын үйрете бастады. 1718 жылы патша  «құрал-саймандар орталығын» ашады. Онда хирургиялық, соның ішінде тіс емдеуге арналған медициналық саймандар болған. Осының арқасында 1881 жылы  тіс емдеу мектебі ашылып, алғашқы мамандар даярлана бастады. 

Махатма Ганди әйелінің өліміне себепші болған
Хирургтар неге жасыл түсті халат киеді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу