Тірі тістер туралы естігенсіз бе?

Oinet.kz 01-01-2020 1113

Тіс күтімі шығыс медицинасында ерте пайда болғанымен, оны емдеу, жұлу секілді процестер бертін келе  дамыды. Сондықтан стоматологияны жас ғылымдардың бірі деуге болады. Бір қызығы, орта ғасыр мен XIX ғасырға дейін стоматологтардың қызметін жалпы дәрігерлер мен шаштараздар атқарған екен. 

Screenshot_10.jpg

Орта ғасырдағы шаштараздар шаш қырқудың ғана емес, тіс жұлудың да шебері болып шықты. Ал сіз  алғашқы дантистердің жасанды тіс жасау үшін қандай материал қолданғанын білесіз бе? Олар соғыс алаңында шейіт болған сарбаздардың сау тістерін жұлып, тірі адамға салған. Сол себепті мұны жасанды емес «тірі тістер» деп атауға болатын шығар. 

Вакцина қалай пайда болды?
Кесарь тілігін өз-өзіне жасаған келіншек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу