Қаны «алтын» адам

Oinet.kz 01-01-2020 1661

Бүгінде донор болу қалыпты жағдай. Десе де сауапты іске әрқайсымыз бара бермейміз. Австралиялық тұрғын Джеймс Харрисонның әрекеті мақтауға тұрарлық. Ол өз өмірінде 1000 мәртеден аса қан тапсырған екен. 

Screenshot_11.jpg

Оның сирек кездесетін қан тобындағы антидене қаназдықтың ауыр түрімен туылған шақалақтардың өмір сүріп кетуіне қолданылған. Харрисонның донор болуының арқасында екі миллионға жуық нәресте аман қалыпты. Реципиенттердің арасында Джеймстің  туған қызы да бар. 

Харрисон 14 жасында ауыр дертке душар болып, шұғыл түрде 13 литр қан құю керек болады. Құдай сақтағанда донор табылып, бала Джеймс аман қалады. Сол күннен бастап ол өз-өзіне қан тапсырып, мұқтаждарға көмектесемін деп серт берген. 18 жасынан бастап 57 жасқа дейін уәдесінен айнымаған ол Гиннестің рекордттар кітабына енеді. Бойындағы ерекше қанның арқасында өмірі 1 миллион долларға сақтандырылған.  Хариссонның екінші есімі – «Алтын қанды адам». 

Ота алдында қолды жууды ойлап тапқан дәрігер кім?
Шерлок Холмс детектив емес, дәрігер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу