Әлемдегі ең сұлу әйелдер қай елде?

Oinet.kz 08-03-2020 1376

34177.jpg

Халықаралық сұлулық байқауларының статистикасына көз жүгіртсек, әлемдегі ең әдемі әйелдер Венесуэла мен Филиппинде өмір сүреді екен. Ал үздік үштікті Ресей елі қорытындылап тұр. Осы 3 елдің нәзік жандылары сұлулық байқауларында өзгелерге дес бермей, бастарына тек №1 аруларға тиесілі тәжді көп тағыпты.

 Өкінішке қарай, Қазақстан әзірге бұл рейтингте жоғары орындардан көрінген жоқ. Сұлуларды анықтаудағы ең престижді «Әлем аруы» байқауында қазақстандық Регина Вандышева 2015 жылы TOP 15 келбетті қыздар қатарына кірді. Одан кейін әзірге ешқандай қазақстандық байқауда жарқырап көріне алмауда.

Ал, Венесуэла, Филиппин және Ресей қыздарынан соң кімдер көш бастап тұр? Осыған зер салып көрелік.

4-ші орынға әлемде футболмен аты шыққан Бразилия жайғасыпты. Сарапшыларды аталған елдің қыздарының қаны араластығы қызықтырса керек. Яғни, бразилиялық сылқымның қанынан еуропалықтың да, азиаттың да, африкалықтың да белгілерін табуға болады. 

Ал, 5-ші орыннан держава мемлекет – АҚШ-тың әйелдері көрініпті. «Ғалам аруы» байқауында АҚШ қыздары 7 рет топ жарған. АҚШ-тың үздік 5-тіктен көрінуі де бекер емес. Голливуд фильмдеріне түсіп, танымал болу үшін дүниежүзінің сұлулары АҚШ-қа ағылып, кез-келген байқауда АҚШ-тың намысын қорғайтыны айдан анық. 

6-шы орынға Скандинавия елі – Швеция ие болған. Сарапшыларды бұл елдің қыздарының табиғилығы тәнті еткен. Швед қыздары көбіне жасанды сұлулыққа қызықпайды. Кірпік жабыстырмайды, бетіне тонна бояу жақпайды, пластикалық оталар жасатпайды. Мұнда табиғилық барынша бағаланады.

7-ші орыннан кезінде КСРО құрамында болған Украина елінің қыздары табылған. Украиндықтар көршілері Ресейге барынша бәсекелестік көрсетеді. Олар әлемдік брендтермен келісімшарт жасасып, сән, шоу-бизнес әлемінде биік мінберлерден көрінуде. 

Сонымен қатар, 8-ші орынға Италия, 9-шы орыға Австралия, 10-шы орынға Дания жайғасқан.

Құранда аты аталған Бәбісек құсы жайында не білесіз?
Психологиялық тест: «Көрсетілген үш заттың бірін таңдаңыз!»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу