Әлемді өзгерткен 5 әйел мұғалім

Oinet.kz 24-03-2020 1521

Ғаламтор беттерінде "Педагогикада революция жасаған мұғалімдер" немесе "Тарихта қалған мұғалімдер" сынды тақырыппен жарияланған көптеген мақалаларды оңайлықпен іздеп табуға болады. Таң қаларлық жайт, бұл тізімде әйел есімдері мүлде жоқ немесе тек бір-екі рет қана кездеседі. Ендеше әлемдік атаққа ие болған 5 әйелді назарларыңызға ұсынамыз. 

37e12ace-c1ea-45e6-82d2-d5b6f528814d.jpg

1. Энн Салливан/ Anne Sullivan (1866-1936). 

Жетістігі: арнайы педагогикада үлкен жетістікке жетті. Әлем бойынша атақты Хелен Келлердің мүғалімі ретінде танымал. Хелен Келлер- бүкіл әлемдегі соқыр және көру қабілеті нашар адамдардың құқығы мен мүмкіндіктері үшін күресетін батыл әрі ержүрек әйел, жазушы және дәріскер. Энн Салливан-талантты педагог ретінде, соқыр және керең қызды оқуға және мына әлеммен тілдесуге үйреті. Энн Салливан өзінің бүкіл өмірін Хеленге арнады.

e21f8e44-8a7a-494b-b790-daac94f38e07.jpg

2. Эллен Кей / Ellen Karolinaа Sofia Key (1849-1926). 

Жетістігі: еркін педагогика тұжырымдамасы қағидаларын қалыптастырды. Оның жұмыстарының ішінде кең танымалдылыққа ие болған- "Бала ғасыры" кітабы болды. Бұл кітап баланың тұлғасын педагогикалық процесстің қақ ортасына алғаш рет алып келеді. Элленнің ойынша, мектеп өзін тек тәрбиеші рөлінде ғана ұсына алады, қандай жағдай болса да міндеттей алмайды. Кей тәрбиенің қайнар көзі үйдің, ананың тәрбиесі деп есептеді. "Бала ғасыры" кітабында Эллен баланың өз бетінше дамуы үшін қолайлы ортаның қажет екендігін алғаш айтқан болатын. Эллен сол уақыттағы "Балалар үшін өмір сүру" ұранын "Балалар өмір сүрсін" деп ауыстыруды ұсынды.

be72f26e-f0b3-4648-8562-8b1874698ed3.jpg

3. Мария Монтессори / Maria Montessori (1870-1952)

Жетістігі: ақыл-есі кем балаларға білім беруді алғашқылардың бірі болып бастаған ұстаз. Осылайша ол Ортофреналық институтты құрды. 1889 жылы Турин Монтессори әлемдік деңгейде өткен конференцияда ақыл-есі кем балалрға медициналық көмекпен қатар, педагогикалық көмектің де қажет екенін айтып түсіндірді. Ол ғылыми жобасын ақыл-есі кем балаларға арнап, қорғап шығады. Ол ашқын Ортофреналық институт аздаған уақыт ішінде көпшілік күтпеген керемет нәтижеге қол жеткізеді. 

ddb2d98b-bc0f-4f71-9eff-08bb63893449.jpg

4. Миртилла Майнер/ Мyrtilla Miner (1815-1864). 

Жетістігі: афро-американдық қыздар мектебінің негізін қалады. Жазушы Гарриет Битчер Стоудың қаржылық қолдауымен Майнер өз мектебін ашты. Сол уақыттағы замандастарының айтуынша, Миртилла Майнердің мектептегі дайындығы, ақ нәсілді қыздар мектебіне қарағанда әлдеқайда жоғары болған. Миртилла Майнерға қанша қорлық, қоқан лоқы, күш көрсетілсе де кері шегінбеді.

5877670b-0b2d-4e52-a07e-94fc04df752e.jpg

5. Адель Маркус/ Adele Marcus (1906-1995) 

Жетістігі: музыкалық өнердегі танымал педагог. Америкалық пианист, педагог. Біртуар BILIM Land оқушыларының арқасында Адель әлемдік танымалдылыққа ие болды. Ол әлем бойынша жүздеген шеберлік сағаттарын өткізді.

2a7845fa-d7b3-4f84-9c5f-b7d8125af751.jpg

Психологиялық тест: «Суреттегі қолшатырдың бірін таңдаңыз!»
Эпидемия жайлы қызықты 10 фильм
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу