Пиротехникалық заттардан күйіп қалғанда не істеу керек?

Oinet.kz 11-03-2020 750

Жаңа жылды отшашусыз елестету мүмкін емес. Алайда мерекелік қызық кезінде ойнап жүріп от басқандар қаншама. Пиротехникалық бұйымдарды дұрыс қолданбаған жағдайда дененің түрлі бөлігін күйік шалады. Әсіресе, жарқылдақтар көзге көп тиеді. Осындай оқыс оқиға кезінде әрбір адам жаралыға жедел жәрдем мамандары келгенше алғашқы медициналық қызметті көрсете алуы тиіс. Сонымен, жадыңызға сақтап жүріңіз...

Screenshot_33.jpg

Отшашу мен петардалардың жарқылы денеге тиген жағдайда бірінші кезекте күйген бөлікте шоқ болса оны айналадағы адамдарға тигізбей, мейілінше аулағырақ үрлеп түсіру керек. Екіншіден күйіктің орнын мұздату қажет. Қар немесе салқын суға 10-15 минут батырады. Ел арасында күйіктің орнын несеппен жуатындар да бар. Бұл пайдасыз әрі өте қауіпті тәсіл. Қабығы үлбіреп  немесе керісінше киімге жабысып тұрған тері бөлігін күшпен жұлып алуға болмайды.   Кейіннен жараланған аумаққа «левосин», «левомеколь» секілді іріңді кетіретін жақпай майларды жағып, дәкемен орау керек. Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін науқасты ауруханаға апаруға болады. Ал от көзіңізге тисе тез арада көп мөлшерде мұздай сумен жуған дұрыс. Көз кішкене ашыла бастағанда пипетканың көмегімен новокин тамызу керек.  

Егер от қалың күртеше немесе тоныңызға тиіп, ал денеңізге тиіп үлгермесе киімді дереу шешіп, қар немесе суға лақтырыңыз. Денеңіздің күймегеніне көз жеткізіңіз, сақтық ретінде ол аймаққа мұз немесе қарды біраз уақыт басып тұрыңыз. Күйіп қалған адам міндетті түрде шок алады. Сондықтан алғашқы көмекті көрсетіп болғаннан кейін жапа шегушінің қорқынышын сейілтіп, тыныштандырған жөн. Науқас бірден әлсіреуі мүмкін. Оны орындыққа отырғызып немесе басын биіктетіп, ыңғайлап төсекке жатқызады. Бірақ күйік алған жері төсекке тиіп тұрмағаны жөн. Екінші дәрежедегі  күйік болса да (көлемі алақандай) жоғарыдағы нұқсаулықты жасаңыз. Тек науқасқа 1-2 стақан жылы суға 1 шәй қасық ас содасын қосып ішкізіп, артынан бір таблетка анальгин беруге болады. Бұл науқасты шоктан арылтады. Үшінші, төртінші дәрежедегі күйікте де сол ежерелерді қайталаңыз. Мұнда күйіктің көлемі үлкен әрі терең болғандықтан науқасты тез арада дәрігерге апаруға тырысу керек.

Пиротехникалық бұйымдарды қолданар да сақ болып, денсаулығымызға қауіп төндірмейік. Әсіресе, оларды балалардың қолына беріп қоймаңыз.  

Мереке талғайтын аурулар
Самые вредные продукты питания на новогоднем столе
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу