Айсұлтан Назарбаев туралы тың деректер

Oinet.kz 11-05-2020 6198

Айсұлтан Назарбаев – Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің екінші ұлы. Оны бұқаралық ақпарат құралдары көбінесе "президенттің сүйікті жиені" деп атайды. 

Айсултан Назарбаев о своем назначении в ФФК

1990 жылы 26 тамызда өмірге келген. Австрияда орналасқан Америка халықаралық мектебінің түлегі, бұған дейін БАҚ жазғандай, оқу кезінде Айсұлтан тек мектепте алған стипендиясына ғана өмір сүрген. Осылайша ол ақшаның қадірін түсініп, үнемдеуді үйреніпті. 

Британияның корольдік "Сандхерст" әскери академиясын бітіргеннен кейін, Отарға әскери борышын өтеуге аттанады. ҚР қорғаныс министрлігі бас барлау басқармасының штатында болып, аға лейтенант атағын алды. 

Бала кезден футбол ойнайды. 2006 жылы Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының сапында Еуропа чемпинатының іріктеу турниріне қатысады. 

"Челси" және "Портсмут" жастар командалары мен қазақстандық "Астана" командасында ойнаған. 

2017 жылдың ақпанында Айсұлтан Назарбаев "Қазақстан футбол федерациясы қауымдастығының" вице-президенті болып тағайындалды. Бірақ көп ұзамай президенттің жиені өтініш жазып, жылы орнын босатты. 

2013 жылдың 31 тамызында "ҚазРомГаз" АҚ басшысы Қайрат Боранбаевтың қызына үйленеді. Айсұлтанның жары Алима – белгілі актер Әнуар Боранбаевтың немересі. 

2016 жылдың жазында екі жастың отбасында Амели есімді қыз дүниеге келді. 

"Алланың қалауымен мен Ұлт көшбасшысының отбасында өмірге келдім. Сондықтан менің басты қызметім – президенттің немересі екендігімде. Тәулігіне 24 сағат бойы мен осы қызметтемін", — деген еді Айсұлтан сұқбаттарының бірінде. 

Назарбаевтың басқа жиендеріне қарағанда, Айсұлтанның есімі БАҚ беттерінде жиі аталады. 

Өткен жылы Назарбаевтың жиені жан күйзелісінен арылу үшін бір жылдары есірткі қолданғанын айтып, елді елең еткізген еді. 

"Атам – академик Мұхтар Әлиев қайтыс болғаннан кейін, арада бір жарым ай өткенде, австриялық түрмеде әкем Рахат Әлиев өз-өзіне қол салды. Өмір маған алғаш рет екі бірдей соққы жасады. Жұрттың бәрі бақытқа бөленіп,  шалқып өмір сүреді деп айтатын Айсұлтан әлемдегі ең бақытсыз жанға айналды", — деп жазған еді ол әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Ол қиын сәтте оған атасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көмегі көп тигенін атап өтті. 

"Президент күндіз 17 миллион адамның мәселесін шешсе, кешке бар уақытын маған бөлді. Ол кезде бар назарын маған салу үшін атам қаншалықты күш-жігер, денсаулығын жұмсағанын түсінбеп едім. Сондықтан өмірдегі ең сорақы әлсіздікке бой алдырдым. Жұбанышты есірткіден іздедім",- деп ағынан жарылған еді Айсұлтан.

Мақтааралға 6 млн доллар ақша берген Болат Өтемұратов кім?
Билік басындағы Біртановтар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу