Экраннан ізім-ғайып жоғалған актерлер

Oinet.kz 18-08-2020 1226

Киноға түсуді көптеген балалар армандайды. Кейбірінің бұл арманы орындалды. Бала қиялы сиқырлы кино әлемінен арманын шарықтатып яки күйретіп жатады. Танымалдықтың аспанында жарқырап, есейгенде жарығы сөнетін «жұлдыздар» көпшілікті құрайды. Олардың кино әлеміндегі жеткен жетістігі бақыты баянды тағдырына негіз бола алмайды. 

image.png

"Нарния шежіресі" фильмінен кадр

Съемкадан әбден зықысы шыққан балалар ересек өмірінде кинодан тыс салаларды таңдайды. Аты жастайынан шыққан адамдардың кейіннен мансабын сақтауы қиын. Мысалы, «Көксерек» көркем фильмі бала актердің денсаулығын кемітті. Бала күнінде байқамай балалықпен қайта-қайта суық суға малтыған актер кейін өмірде өкініпті. Қол-аяғы сырқырап ауыратын дерті өмірден өткенше соңынан қалмады. Соның де себебі болса керек, Құрмаш рөлін ойнаған Қамбар Уәлидің ғұмыры қысқа болды. Небәрі 49 жасында дүниеден көшкен.

Джорджи Хенли, "Нарния шежіресі" франшизасының жұлдызы

image.png

Балалар үшін керемет базарлық болған бұл фильмде Джорджи ағайынды Певенсилердің кенжесі Люси образын сомдаған.   Осы рөлі үшін кейіпкеріміз "Phoenix Film Critics Society Award" премиясында  жас актерлер арасында "үздік әйел рөлі" номинациясын иеленген. Бірақ, үздік болып додада топ жару жақсы карьера жасаумен ұштаспады. Актриса қазір 24 жаста. 

"Электроника",  Юрий және Владимир Торсуевтар

image.png

Үш сериялы кеңестік "Электрониканың оқиғалары" балалар фильмінде басты рөлдерде ойнаған ағайындылар өте танымал болды.  Кеңестік режимде балалығы өткен буын әлі күнге дейін өткеннің елесінде фильм жайлы жылы пікірлер білдіреді. Ағайындыларда керемет кино карьера болған жоқ. Бұл сериалдан кейінгі фильмдерде не нәрсенің дұрыс болмағанын қайдам, егіздердің мансабы сәтсіздікпен толысты. Ағайындылар қмір жолында такси жүргізушісі, түнгі клубтың иесіне секілді түрлі кәсіптерде қызмет атқарды. Жан қалауы болар, 2012 жылдан бастап олар кейде кинода эпизодтық, танымал емес фильмдердегі елеусіз рөлдерде сомдап шықты.

Джейк Ллойд, Энакин Скайвокерді образында

image.png

Балалық шағы патшаның тағында отырғандай өткен еді. "Жұлдызды соғыстар" үшін Джейк қазірдің өзінде кинода лайықты тәжірибеге ие үміткер. Ол фильмде 15 жасқа дейін ойнады. Содан кейін түзетілмейтін жағдай орын алды. Актердің бойынан психикалық бұзылыстың белгілері байқалды. Ол бірқатар құқық бұзушылықтар жасап,  көлігімен апатқа ұшырады.  Тексерістен кейін оған шизофрения диагнозы қойылды.  Бұл жайт оның мансабын аяқтады. Қазір 31 жастағы актердың жұмыс істеуге немесе  оқуға мүмкіндігі жоқ.

"Сотқар бала", Майкл Оливер

image.png

Майклдың жұлдызы 1990 жылы "Сотқар  бала" комедиясы шыққаннан кейін жарқырады. Ол кезде Майкл 10 жаста болатын. Жас актердің анасы көп ақша алуға ұмтылады. Фильм продюсерлерін ұлының гонорарын 80 000 доллардан 500 000 долларға дейін өсірмесе түсірілімге қатыстырмайтынын айтып шарт қояды. Түсірілім тоқтатылып, іс сотқа жетеді. Нәтижесінде сот үкімімен кино студияға 170 000$ компенсация төлеуге мәжбүр болды. Отбасы толығымен қирап, біраз уақыт достармен бірге тұрды. Үйлері қарыз өтеуі  үшін сатылды. Ол оқиғадан соң Майклмен де, оның даулы анасымен ешкімнің байланысқысы келмейді. Қазір актер 38 жаста, ол техник болып жұмыс істейді және екі музыкалық топта ойнайды.

"Бұйра шаш  Сью" , Элисон Портер

image.png

Баспанасыз бүлдіршіннің рөлін сомдаған бөбек ересек өмірде орнын таба алмай алас ұрды. Күйзеліс тудырар жайттар тым көп орын алғандай еді: алкоголь мен есірткіге тәуелділік, сәтсіз неке, кездейсоқ табыс. Жоғарғы  біліміне  қарамастан, Элисон өмірде өз орнын таба алмады.  Тек 2016 жылы ол "Дауыс" шоуында бақ сынап топ жарды.  Содан кейін ғана әншілік мансабын жасауға мүмкіндік алды. 

Суреттер ашық дереккөзден алынды

Психологиялық тест: «Ағаштың бірін таңдаңыз!»
​ Ұнаған күшікті таңдап болмысыңыз туралы сырды анықтаңыз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу