Психологиялық тест: «Бірінші кімге көмектесер едіңіз!?»

Oinet.kz 29-08-2020 1687

Психологиялық тест сіздің адами болмысыңызды тануға көмектеседі. Өйткені адамдардың барлығы бірдей емес. Бірі — өте сезімтал болса, кейбіреулері — жаңалыққа бейім, енді бірі — өткенмен өмір сүргенді жақсы көреді. Суреттен кімге бірінші көмектесетініңізді анықтап, ішкі жан-дүниеңіздің құпиясын ашыңыз.

image.png

№1 Көзі көрмейтін кейуана

Сіз өткенді ой елегінен өткізіп, көп ойлайсыз. Қазіргі көз ілеспес жылдамдықпен өтіп жатқан өмір сізді шаршатып жіберген сияқты. Тіпті кейде басқа ғасырлардың бірінде өмір сүргенім де ғой деп армандап кетесіз. Өткенді зерттеп, тарихты оқығанды жақсы көресіз. Сіз сияқты адамдар саусақпен санарлық. Сіздің тәрбиеңіз ерекше, талғамыңыз өзгеше, мәдениетіңіз жоғары.

Сіз табиғатыңыздан мақсатшыл адамсыз, ісіңізді тәртіппен атқарғанды жақсы көресіз. Сізге кез келген уақытта арқа сүйеуге болады. Сенім артқан адамдарды жерге қаратып кетпейсіз. Өтірік айтып, алдауды білмейсіз. Бірақ өзіңізді сан соқтырып кететін адамдар көп. Сол себепті бәріне бірдей сене беруге болмайтынын ұмытпаңыз!

№2 Жылап жатқан сәби

Сіз өте сезімтал, жаны тез жараланғыш адамсыз. Өзіңіз қиналып тұрсаңыз да, өзгелерге көмектесуден бас тартпайсыз. Тіпті сіздің жүзіңіздің өзі мейірім мен жылулыққа толы. Адамдарды тез баурап аласыз. Әріптестеріңіздің өзі сіздің жаныңызға үйір. Әрдайым ойланбастан, тек жүрегіңіздің қалауымен шешім шығарасыз.

Кей кездері «жоқ» деп айтуды да үйреніңіз. Өйткені өзгелердің өтінішін орындаумен ғана жүретін боласыз. Достарыңыз көп. Сол себепті сіз кез келген ортаға сыйып кете аласыз.

№3 Құлап бара жатқан балдақтағы ер кісі

Сіз үнемі қыдырып жүргенді ұнататын жансыз. Егер біреу сізге «кеттік, жолға жинал» десе, жас балаша қуанып, жолға дереу әзірленіп кетесіз. Жаныңыз жомарт, достарыңызға көмектесуге мәртсіз. Әрдайым көңілді жүресіз. Сол себепті бәріне бірдей ұнайсыз.

Сіз бір орында ұзақ уақыт жұмыс істейтін адамдардың қатарынан емессіз. Өйткені жаңашылдықты жақсы көресіз. Өте таланттысыз, бәріне үлгеруге тырысасыз. Бірақ бастаған ісіңізді соңына дейін жеткізуге шыдамыңыз жетпейді. Ойыңызды бір іске бағыттап, аяқтауға тырысыңыз.

№4 Медбике

Сіздің тәуекелге баруыңыз екіталай. Сіз тыныштықты, тұрақтылықты, жинақылықты қалайсыз. Өте салмақты жансыз. Сіз өзіңіздің қадамыңызды алдын ала жоспарлап қоясыз. Кейбір адамдар сізді жалықтырғыш адамдардың қатарына қосуы мүмкін. Бәлкім, өзгелердің бұл пікірін өзгерту үшін батыл қадамдар жасап көресіз? Сол кезде бірқалыпты өміріңіз өзгерер.

Адам үшін өзгеріс қашан да пайдалы. Әрдайым көңілді жүруге тырысыңыз.

Екі жыл жүкті болып, ешкі босанған келіншек (фото +18)
Психологиялық тест: «Дәмді алманың бірін таңдаңыз!»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу