Психологиялық тест: «Сезімге толы құмыраның бірін таңдаңыз!»

Oinet.kz 29-10-2020 3718

image.png

1. Қызыл құмыра. Сіз өте белсендісіз. Жаныңыз нағыз махаббатқа құмартқанымен, оны таба алмай қаламын ба деп қорқасыз. Жүрегіңізге түскен сызаттарға қарамастан, кез келген адаммен тез тіл табысатын жансыз. Үнемі өзіңізді түсінетін достарды іздейсіз. Қарым-қатынастың адалдыққа негізделгенін қалайсыз. Бейтаныс адамдарға жылдам бауыр басасыз. Өмірдің онсыз да қиын екенін түсініп, адамдардың алдында көңілді де қарапайым адам болып көрінуге тырысасыз.

2. Сары құмыра. Сіз тұрақтысыз. Сырт көзге жолы болғыш, ең бақытты адам болып көрінесіз. Ішкі сезімдеріңізді өзіңіз де түсінбей қалатын сәттер болып тұрады. Сіздің ойыңызда не тұрғанын айту қиын. Сезімдеріңізді өзгелерге көрсеткіңіз келмейді. Өзгелерге көмек қолын соза білетін ақылды да байсалдысыз. Қоғамнан қалмай өмір сүруге тырысасыз. Дәрменсіздерге көмектескенді жақсы көресіз.

3. Күлгін құмыра. Сіз қызуқандысыз. Бөлменің ішіндегі ең жарық шам секілдісіз. Ашуланып жүресіз. Өмірде еш уақытта тоқтамайтын мотормен бірдейсіз. Ойыңызда түрлі идеялар бар. Үнемі жарысуды ұнатасыз.

4. Жасыл құмыра. Қазір сіз жалғыздан жалғыз қалып, оңашада өмір туралы толғаныстарыңызды тереңдеткіңіз келеді. Сізге қалай қол ұшын созарын білмейтін таныстарыңызбен, достарыңызбен кездесу қиынға соғып жүр. Не себепті аяқ астынан жақындарыңызды жатсынып шыққаныңызды ойланып көріңіз. Мүмкін, сізді әлдекім ренжіткен шығар? Жаныңыз жай табуы үшін ренжіткен жанға барып өкпеңізді ашып айту керек, негативті іште сақтамаңыз.

Психологиялық тест: «Құмсағатының бірін таңдаңыз!»
Психологиялық тест: «Суреттен бірінші не байқадыңыз!?»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу