Қыз үшін дуэльге шыққандардың оқиғасы

Oinet.kz 20-04-2019 1360

Screenshot_9.jpg

Америка Құрама Штаттарында екі фермер бір қызды ұнатып қалып, бөлісе алмай, автокөлікпен дуэльге шығуға бел байлаған екен. Дуэль үлкен жары бар жазықтықта өтеді. Ол жерде секундантпен бірге қыз да болған. Шарт бойынша қос ғашық қашықтықтан бір-біріне қатты жылдамдықпен қарама-қарсы жүріп, бірінші болып бұрылғаны жеңіледі. Алайда екі жүргізуші де бұрылып кетіп, әрі қарай қақтығыспен жалғастырады. Ақыр соңында біреуі жардан құлап, ал екіншісі ұзақ жылға абақтыға қамалады. Қыз содан кейін көп ойланбастан, дуэльден кейін үйіне алып барған жүргізушіге тұрмысқа шығып кеткен екен. Осыған ұқсас дуэль Парижде де орын алған. Екі ғашық жігіт сүйіктілеріне қол жеткізу үшін әуе шарымен көтеріліп, ауада атысуға шешім қабылдайды. Өздерімен бірге секунданттары да болған. Алайда бірінші оқтан кейін бірінің шары өртеніп, төмен құлайды. Ең қызығы, дуэльге себепші болған сұлу қыз жігіттердің бұл іс-әрекетін түсінбей, басқа жігітке тұрмысқа шығып, қаладан біржола кетіп қалған екен. Қазекем мұндайда  «таласқанға тас та жоқ» дейтін бе еді?! 


Мысықтың таңғажайып миссиялары
Қуыршақ 3 адамның өліміне кінәлі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу