Қуыршақ 3 адамның өліміне кінәлі болды

Oinet.kz 20-04-2019 1154

Screenshot_10.jpg                 

АҚШ-та 1924 жылы 3 адамның өлімі үшін қуыршаққа кінә таққан дегенде сенесіз бе? Ия, ия кәдімгі жансыз қуыршақ. Жан алғыш кіші Фрэнк Байрон атты қуыршақ Лестер есімді өнертапқыштың туындысы болған екен. Лестер су ішкен кезде өздігінен сөйлейтін, әңгімелесетін қуыршағын көруге мыңдаған халық кезекке тұрған. Жұртты жинап шоу көрсетіп жүрген шебер бір күні күтпеген жағдайға тап болады. Лестер көрерменге лық толы залды аралап жүргенде ақылды қуыршақ жиылған қауымға қызықты оқиғалар, анекдоттар айтып береді. Френк Байронның әзілі соншалықты қызық болса керек сол сәтте залда отырған үш адамның ішектері түйіліп, жан тапсырған. Оқиға орнына жетіп келген полиция қызметкерлері барлығынан жауап алады. Куәгерлердің барлығы оқиға кезінде анекдотты қуыршақтың айтқанын, ал Лестердің жақ ашпағанын айтады. Полиция қылмыскер  қуыршақты тұтқынға алады. Алайда жұртты күлдіремін деп өлтіріп алған Френк Байронды полиция қызметкерлері көп ұзамай  иесіне қайтарып береді. Себебі жансыз қуыршақтан жауап ала алмаған.

Қыз үшін дуэльге шыққандардың оқиғасы
Көбелек туралы қызықты деректер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу