600 жыл бұрын Қазақстанның мұхитпен байланысы болған

Oinet.kz 31-05-2019 968

1494822338_article_b_1500_.jpeg

Фотода Маңғыстау облысы

- Маңғыстау облысында қазба жұмыстары барысында археологтар ХIV ғасырда Каспийдің басқа теңіздермен байланысы болғанын айғақтайтын дәлелдерді тапты деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі. 

Кетікқала шаһарының орнын қазу кезінде археологтар қызыл маржан бұтақтарының бөліктерін тапты. Бұл 14 ғасырда теңіздердің бір-бірімен байланысы болғанын растайтын деректердің бірі болып табылады.

«Баутино кенті тұрғындарының тарихи деректеріне сүйенсек, XX ғасырдың басында шіркеулердегі иконаларда маржан бұтақтары тұрған. Аталған маржан бұтақтары Құлалы аралынан табылып отыр. Сол кездегі тұрғындар теңіз түбі маржанға толы деп санаған. Бүгінде Каспийде маржан болмағанын білеміз, ол аралға суға батып кеткен кеме арқылы келуі мүмкін, - дейді археолог Андрей Астафьев.

Экспедиция мүшелері керамикалық ыдыстың сынығын тапты. Бұл Кетікқалада қыш шеберханасының болғанын дәлелдейді. Диірмен тасының үш сынығы да табылды, бұл осы жерде адамдардың егіншілікпен айналысқанын растайды. Сонымен қатар қытайлық фарфордың, әйел жүзігінің сынығы, ақықтан моншақ сынықтары табылған. 

Сонымен қатар археологтар жеті тиын тапты. Оның екеуінде һижра жыл санауы бойынша 761-768 жылдар деп жазылған.

Барлық жәдігерлер облыстық тарихи-өлкетану мұражайында сақталатын болады.


Кәрілікті жеңген Аннет
Жүз жасында ана атана жаздады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу