Смокингті темекі тарту үшін киген

Oinet.kz 12-07-2019 879

Screenshot_14.jpg

        Костюмді әдетте ерлер қонаққа, маңызды кездесуге және кеңседе қызмет атқаратындар киеді. Сәнді киімдердің қатарына жататын костюмнің шығу төркіні тым қызық.  Смокинг сөзі ағылшынның «smoking» – темекі тарту деген сөзінен шыққан. Ақсүйектер қоғамында ер адамдар темекі шегетін кезде киімдеріне темекі иісі сіңіп қалмас үшін арнайы киімдер киетін болған. Сондай-ақ темекінің ыстық шоғынан  қорғау мақсатында пайдаланылған смокингтер уақыт өте келе кең таралып, мерекелік шаралардың ең басты сәні болып қалыптасып кетті. Ал костюм жеңіндегі түймелердің неліктен тігілгенін білесіз бе? Бұл түймелер алғаш рет Наполеон Бонапарттың бұйрығымен пайда болған екен. Қалай? Француз әскерлеріне суық тигенде, тұмау болғанда жеңдерімен мұрындарын сүртпес үшін, яғни осындай жағымсыз әрекет жасамас үшін тігілген көрінеді. Бүгінгі күні киімнің көптеген түрлері жеңіндегі түймелерімен ерекшеленеді және бұл сәнді әрі заманауи болып есептеледі.

Туристер ең жиі баратын елдер
Адам – жұмбаққа толы дене
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу