Barmaid операциясы туралы не білеміз?

Oinet.kz 05-08-2019 1074

    Әдетте жарияланбайтын, құпия нәрселер ерекше қызығушылық тудырады, әсіресе әскери технологиялар. Кеңес Одағында қорғаныста көптеген ғылыми институттар мен конструкторлық бюролар жұмыс жасаған және бірегей технологияларды жетілдіріп, дамытқан. Бірақ ол кездегі ақпараттық алмасу мүмкіндіктері тым шектелген болды. Әдетте ақпараттық барлау  өзгеше әдістермен жүргізілді. Солардың бірін назарларыңызға ұсынамыз.

Screenshot_7.jpg

    Barmaid сөзі «буфетші әйел» мағынасын береді. Ол – британдық-америкалық бірлескен іс-әрекеттер жүйесі еді. Мақсаты – кеңестік жаңа антенналық жүйесі бар, Баренц теңізіндегі поляк траулері кейпімен бүркемеленген барлау кемесін тіркейтін гидроакустикалық станцияны қолға түсіру еді. Ол үшін британдық Conqueror субмарині, Фолкленд соғысының ардагері жұмылдырылған және арнайы тросты кесуге арналған құрылғы жасалған. Соның арқасында капитан Кристофер Рефорд-Браун басқарған Conqueror тобы сүңгуір қайықты білдірмей әкете алды. Кескіш аппарат еспе винттен небәрі 30 сантиметр қашықтықта іске қосылған. Кеменің едәуір алыс қашықтыққа жүзіп кетуін күткен олар, кеме алыстаған соң гидролокаторды аквалангистер тобы көмегімен сүйреп әкетіп, ұшаққа тиеп, АҚШ әскери базасына жеткізген. Траулерде оны станция көзден таса болғанда ғана байқаған. Бірақ гидроакустикалық станция субмариндер секілді теңіз кемелерін қадағалап отыру үшін арналған еді. Ал егер ол жұмыс жасаған жағдайда Conqueror барлау кемесіне жақындай алмаған болар еді.

Тағдыр ағашы
Әйелдің әдеттегі айтатындары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу