Тағдыр ағашы

Oinet.kz 05-08-2019 1318


Screenshot_10.jpg

     Еуропада өмір сүрген сәуегей халықтардың бірі Друидтердің айтуы бойынша, әр адам баласы дүние есігін ашқаннан бастап,  өздеріне ортақ тағдыр ағашы болады екен. Мінез-құлқын, болашағын,  дүрбелең өмірінің қандай болатындығын осы тағдыр ағашына қарап біле алады. Біз сіздерге, туылған күндеріңізге қарай, мінездегі  артық-кемшіліктеріңізді ұсынбақпыз.

 Шетен ағашы (Рябина): (01.01; 04.02-08.02; 01.04-10.04; 04.10-13.10; 12.11- 21.11) - өзінің әлжуаз да жіңішкелігіне қарамай, бұл ағаш өте төзімді, шымыр. Өмірдің қиыншылықтарымен аянбай күресе алады. Шығармашылыққа бейім келеді. Тым ақкөңіл, соңғы ақшасына дейін бере салатын жомарт жандар. 

 Терек (Тополь): (01.05-14.05; 05.08-13.08) - Өз-өзіне сенімсіз, өзгеден үнемі мейірбандық пен мейірімділікті қажет етіп тұрады. Өте қыршаңқы болғанымен, ашуынан тез қайтады. Өн бойында үлкен сезімге деген құштарлық бар, дегенмен, махаббатта сирек жоы болады. 

 Үйеңкі (Клен): (11.04-20.04; 14.10-28.10) - көптің ішінен өз ерекшелігімен көзге түседі. Ұяң, өте сақ жүреді. Өзінің құнын арттырып, мақтауды сүйеді. Көкіректеу, өзімшілдігі басым. Дегенменде іске пысық, өз ісінің шебері.

 Грек жаңғағы: (21.04-30.04; 24.08-31.08; 01.09-02.09; 29.10-31.10; 01.11-11.11) - менменшіл, қатал мінезді, дегенінен қайтпайтын жандар. Ортасына тез бейімделетін, өзгені баурап алатын қасиетке ие. 

 Қарағай (сосна): (19.02-29.02) - өзінің мейірімділігімен жан-жағына жақсы адамдар жинап жүреді. Берік, өжеттікпен күресе алады. Өз ортасында көңілді, үнемі күлімсіреп жүргенді ұнатады. Еңбексүйгіш, ұйымдастыру қабілеті жоғары. 

 Талшын (Каштан): (15.05-24.05) - ұстанымы өтірік сөйлемеу, әділ болу. Махаббатта адал, тұрақты. Біреуді жұп болуды қаласа, оны өмір бойы бірге болатын жарым деп қабылдайды.

 Алма ағашы: (01.07-04.07; 22.12-31.12) - өмірі ғажайыптарға толы, жолы болғыш, сол себептен өзін ерекше жан ретінде қабылдайды. Өзіне деген сенімі мол, медитациясы жоғары. 

 Қызыл тал (Верба): (01.03-10.03; 03.09-12.09) - саяхаттағанды жаны сүйеді. Адамгершілігі мол, бірақ, жүрген жерінен шөп шықпайды, яғни қиындықтарға жиі кездеседі. Кейде өз мінезін өзінің түсінуі қиындау болады. 

 Ерен (Ясень): (25.05-31.05; 01.06-03.06; 22.11-30.11; 01.12-11.12) - барлығы жақсы көреді, өзіне тез баурайды. Талантты, өнерлі, ақылдылығымен көзге түседі. Бірақ, менмендігі басымырақ. 

 Шырша (Ель): (02.01-11.01; 05.07-14/07) - өзіне деген сенімділігі кез-келген мәселеден алып шығады. Әйтсе де, әлсіз, ауруға тез беріледі. Жақындарының қолдауына мұқтаж, демеуді қажет етеді. 

 Жөке (Липа): (11.03-20.03; 13.09-22.09) - жолы болғыш, айналасына қадірлі, өзінің де өзгенің бағасын білетін жан. Шектен тыс қызғаншақтығы, көп жерде зиянын тигізеді. Махаббатта ерекше бір сезімді басынан кешіргенді қалайды. Бірақ, көбіне ол емес оны шынайы сүйеді.

Ақымақтық рекордын жеңген қылмыс
Barmaid операциясы туралы не білеміз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу