Көлігінің көлеңкесі үшін айыппұл төлейтін болды

Oinet.kz 12-08-2019 4742

Screenshot_3.jpg

Мәскеудің жүргізушісі мынадай бір қызық оқиғаға тап болды. Оның үйіне ешқандай жол ережесін бұзбаса да айыппұл төлеуге қағаз келіпті. Тұрғын оқиғаның мән-жайын анықтау үшін мамандарға барған. Сөйтсек бәрін «бүлдірген» оның мәшинесінің көлеңкесі екен. Жол ережесін бұзғандарды жазып алатын камера көрсеткендей жолаушының   Honda CR-V автомобилі ережеге сай келе жатқан. Алайда көліктің көлеңкесі екі жолды бөліп тұрған сызықты басып өткен көрінеді. Енді мәскеулік көлеңке үшін айыппұл төлейтін болған еді. Бірақ, кейіннен ресейлік ГИБДД көлік иесіне көлеңке үшін айыппұл төлетпейтін болып шешім қабылдады.

Тасты жылатқан шаян
Маникюрмен шіркеуге кіре алмайсыз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу