«Кино» сөзі қолданысқа қай елде, қалай енді?

Oinet.kz 13-08-2019 1183

Screenshot_13.jpg

Кино сөзі қолданысқа енгенге дейін әр елде оның атауы түрліше болды. Мәселен:  киномо, хромо, фоно, мега, скопограф, иллюзион, кики, кинемоша. 

Ал қазіргі қолданыстағы «кино» сөзі Германияда пайда болған. Ең алғашқы кинотеатрды ағайынды Уорнерлер ойлап тапқан екен. Олар көрерменге арналған орныдықтарды жерлеу бюросынан сұрап алатын болған. Ол орындықтарда күндіз марқұмның туыстары жоқтау айтса, кешкісін көрермендер фильм тамашалаған. Ирландықтар жер бетіндегі  ең адал кинокөрермендері болып табылады. Статистика бойынша бір ирландық тұрғын кинотеатрға жылына 4,2 рет барады екен Ал сіз ең атақты фильм кейіпкері кім екенін білесіз бе? Ол - Шерлок Холмс (200 рет экрандалған). 

Әлемдегі ең қымбат фильм ол -  «Жұлдыздар шайқасы. Эпизод 1». Туындының түсіріліміне 115 миллион АҚШ доллары жұмсалыпты. Кино демекші, фильм түсіру алаңында неше түрлі қызықты оқиғалар орын алады емес пе? «Жұлдызды жол» фильмін түсіру барысында біраз құрал-саймандар мен зат, киім-кешектер қолды болған екен. Полиция ұрланған заттарды екі жыл іздеп, тек жарым-жартылайын ғана іздеп тапқан. Іздеу барысында  Warner Brothers студиясынан ұрланған Бэтменнің костюмі де табылыпты. 

Ресейдің атақты «Полосатый рейс» фильмінде теңізшілер медпункттен ұйықтап жатқан арыстанды зеңбілмен көтеріп шығуы тиіс болатын. Васяны (арыстан) ұйықтату үшін әрине, дәрі беру керек. Алайда мамандар қанша тырысқанымен дәріні жыртқышқа бере алмапты. Түсірілімнің соңғы күні болғандықтан режиссерлар амал жоқ өзге кәрі, ауру арыстанды атып алған. Актерларға арыстанның денесі қатып қалмай тұрып жылдам кадрға түсу керек болған.   

Көптеген жараға ем жасыл бриллиант
Өміріңіз өзгереді десе, қайсы батырманы басасыз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу