Рут Белвиль – уақыт сатушы

Oinet.kz 24-09-2019 813

1316709651_1.jpg

Рут Бельвиль уақыт сату бизнесімен айналысқан. Бизнес Рутқа ата-анасынан қалған екен. Лондондық уақыт сатушысы күн сайын өз сағатын Гринвич корольдік обсерваториясының сағаттарымен салыстырып келіп, уақытын сағатшыларға айтып, сәйкесінше олардан әжептеуір ақша алып отырған.

1924 жылдың ақпан айында "Би-би-си" радиостанциясы Гринвичтен нақты уақыт трансляциясын бастағаннан кейін, уақыт сатушысының бизнесі құлдырай бастады. Оның абоненттерінің саны бірнеше жүзден 40-50-ге дейін қысқарды. Алайда, өмірінің соңына дейін оның жеке клиенттері жеткілікті болды, сөйтіп уақыт сатушы Рут 85 жасында зейнетке шықты. Өмірінің соңына қарай мамандығы жойылып кеткен адам ретінде Руттан сұхбат алушылар көбейеді. 2008 жылы Гринвичтің Ұлттық мұражайы тіпті ол туралы кітап шығарады.

Әлемдегі ең қымбат сұйықтық – у
Скат балығы туралы қызықты деректер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу