Қазақстанда күзгі каникулдың уақыты белгілі болды

Oinet.kz 30-09-2020

Еліміздегі мектептерде каникул уақыты кері шегерілмейтін болды. Оқушылар бұрынғыдай демалатын болады, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Орта білім беру мекемелерінде 2016-2017 оқу жылының басталататын уақыты  белгіленді - ҚР БҒМ - Білім, ғылым, мәдениет -

- "Каникул уақытын ауыстыру жоспарланбаған. Әдеттегідей бірінші тоқсанның соңында 5-15 қараша аралығында өтетін болады", - дейді министрлік. 

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен ата-аналардың топтарында демалыс 5-18 қазанға ауыстырылғаны туралы ақпарат тараған болатын. Алайда ақпарат шындыққа жанаспайтын болып шықты. 

Белгілі болғандай, каникул уақытын ауыстыру туралы шешім Мәскеуде қабылданған. Мәскеу мэрі демалысты 5-18 қазанға ауыстырған.

Денсаулық сақтау министрі халықаралық әуе рейстерін шектеуді ұсынды
«Борат» фильмінің жалғасы қашан шығатыны белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×