Шалғамнан (редиска) жасалынған ең ерекше салаттар

Oinet.kz 23-03-2020 1121

Шалғам мен қияр қосылған салат

39_ls.1525945355.jpg

Дайындау уақыты: 20 минут

Қажетті затар: 

  • бір бума салат жапырағы

  • қызыл қырыққабаттың төрттен бірі

  • 1 авокадо

  • 1-2 қияр

  • бір уыс черри қызанақтары

  • 2 қайнатылған жұмыртқа

  • бір уыс шалғам (редиска)

  • тұз бен ұнтақталған бұрыш

  • лимон шырыны

  • зәйтүн майы

Жасалу тәсілі:

Барлық қосатын көкөністерді жақсылап жуып аламыз.

1. Салат жапырағын қолмен жұлмалап, қырыққабатты майдалап тураймыз

2. Қияр мен шалғамды жұқа тілімдерге бөліп, черри қызанақтарын ортасынан бөлеміз

3. Қайнатылған жұмыртқаны ашып, тураймыз

4. Авокадоны аршып, ортасындағы тасын алып, целлюлозаны жұқа тілімдерге кесіп аламыз. Қарауытып кетпеуі үшін лимон шырынын қосамыз

5. Ыдысқа барлық қажетті заттарды салып, тәбітіңізге қарай тұз бен бұрышты және зәйтүн майын қосыңыз. 

Мойенез қосылмаған шалғам салаты

5e73a248b2e61.jpg

Дайындалу уақыты: 20 минут

Қажетті заттар: 

  • 8-10 дана шалғам

  • 1 балғын қияр

  • 5 жапырақ пекин қырыққабаты

  • 3 жасыл пияз сабағы

  • 4 жұмыртқа

  • 1 шәй қасық лимон шырыны

  • зәйтүн майы

  • тұз, ұнтақталған қара бұрыш

Жасалу тәсілі:

1. Шалғам, жұмыртқа және қиярды дөңгелектен турап аламыз

2. Жасыл пиязды майдалап тураймыз

3. Пекин қырыққабат жапырақтарының төменгі бөлігін кесіп аламыз – ақ және қатты. Жасыл бөлігін жұқа көлденең жолақтарға кесеміз.

4. Барлық қоспаны ыдысқа саламыз

5. Лимон шырынын, тұз бен бұрышты тәбетімізге қарай қосып, араластырамыз

6. Зәйтүн майын құйып, ыдыстарға салып қонақтарға тарту етеміз.

Астарыңыз дәмді болсын!

Салат «Кубанский»
Салат «Винегрет»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу