Үлкен періштелер мен олардың қызметтері

Oinet.kz 20-06-2020 1247

Жәбірейіл періште. 

Періштелердің ең үлкені. Оның қызметі – Алла мен пайғамбарлар арасында елшілік ету, Құдайдың қасиетті кітаптарын пайғамбарларға жеткізу. Қасиетті Құран кітапты да Мұхаммед Пайғамбарымызға жеткізген осы Жәбірейіл періште.

image.png

Микайіл періште. 

Табиғат құбылыстарын (жаңбырдың, қардың жаууы, желдің есуі, жерден егін өсіп шығуы, т.б.) басқарып, тәртіпке келтіріп тұруға міндеттелген періште.

Исрафил періште. 

Қияметтің орнауы мен адамдардың өлімнен соң қайта тірілуіне жауапты періште.

Әзрейіл періште. 

Дәм-тұзы таусылған адамдардың жанын алуға міндетті періште.

Бұл төртеуінен басқа періштелер де бар:

Кирамен Катибин.  

Әр адамның оңы мен солында бір-бір періште болады. Оларды Кирамен катибин деп атайды. Оң жағындағы періште кісінің ізгі амалдары мен қайырлы істерін тіркеп, жазып тұрса, сол жағындағы періште жаманшылық, қиянаттарын жазып тұрады. Осылайша әрбір өзекті пенденің «амал дәптері» толтырылады.

Мүнкәр мен Нәкир. 

Бұл періштелер дүниеден озған адамдардан қабір әлемінде есеп алуға міндеттелген періштелер.

Ридуан періште. 

Жұмақ жұртындағы періштелердің басшысы.

Мәлик періште. 

Тозақтағы періштелердің басшысы. 

дереккөз: mazhab.kz

Кеш оқылған намаз
Ұл бала туылу үшін дұға
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу