Ислам діні жайлы қысқаша мағлұмат

Oinet.kz 10-08-2020 1767

Барлық мадақ-мақтаулар әлемдердің Раббысы Аллаһқа тән. Елшілердің имамы, пайғамбарымыз (с.а.у), оның үй-ішіне, барлық сахабаларына(1) сәлем-салауаттар болсын(2).

Многоликий ислам

Ислам діні деп - Аллаһтан басқа құлшылық қылуға лайықты Тәңір жоқ екендігіне және Мұхаммед Аллаһтың елшісі екендігіне жүрекпен, тілмен және дене мүшелерімен куәлік беруді айтады.

Бұл дегеніміз иманның алты шартына иман келтіруді, исламның бес парызын орындауды және ондағы ихсан(3) амалын өзіне қамтыған. Сонымен қатар, ислам діні пайғамбарлар мен елшілірдің ең ақырғысы Абдуллаһ ұлы Мұхаммедке (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түсірген Аллаһтың тарапынан соңғы пайғамбарлық жолдамасы.

Ислам - Аллаһ Тағаланың алдында қабыл қылынатын жалғыз ғана дін. Аллаһ Тағала Ислам дінін жеңіл әрі қолайлы қылды, онда ешбір қиыншылық немесе машақат(4) жоқ. Ислам дінін ұстанушыларға шама жетпейтін, жағдай көтермейтін немесе мүмкіншіліктерден тыс бірде-бір амал, іс-әрекет міндеттелмеген.

Ислам дінінің негізі - таухид(5), ұраны - шыншылдық, айналасы - әділет, құндылығы - хақиқат, рухы - мейірімділік. Және де ол (Ислам діні) пенделерін дінінде және дүниесіндегі барлық пайдалы нәрселерге бағыттап, оларды дінінде және тіршілігіндегі барлық зиянды нәрселерден сақтандырады. Ислам - Аллаһ Тағала ол арқылы сенімдермен ахлақтарды және діндегі дүние тіршілігін жөндеп дұрыстаған, бөлініп кеткен жүректерді қосып, әртүрлі ойларды біріктірді. Және оларды жалғандық қараңғылықтарынан босатып, шындықпен тура жолға нұсқады.

Ислам - барлық хабарларымен, үкімдерімен берік және мықты болған тура дін. Хабарларының бәрі шындық әрі хақиқат, үкімдерінің барлығы игілікпен әділет!

Ислам дінінің жіберілуі төмендегі мәселелердің жүзеге асырылуын мақсат етеді:

Бірінші, адамдарға Раббысы әрі Жаратушысы болған Аллаһты, есімдерінде теңдесі болмаған көркем есімдерімен, сипаттарында ұқсасы болмаған жоғары сипаттарымен, істерінде серігі болмаған даналы істеріменен, хақыларында ортағы болмаған Өзіне ғана тиісті хақтарыменен таныстыру.

Екінші, пенделерді ешбір серігі болмаған Аллаһқа ғана ғибадат қылуға шақыру. Өз кітабымен пайғамбарының сүннетінде бекіткен бойынша, адамдарды дүниесіндегі және ақыретіндегі ізгілігі мен бақыты болған бұйрықтарын орындап, тыйымдарынан аулақ болу арқылы ғибадатына шақыру. Яғни, адамдарды олардың дүние ақыретте ізгілікке жетіп бақытқа бөленуіне себепкер болатын Аллаһтың кітабімен, Оның пайғамбарының сүннетінде келген бұйрықтарды атқарумен тыйымдардан тыйылуға шақыру.

Үшінші, адамдарға өлгендерінен кейін болатын халдері, барар жерлері, қабірлерінде және қайта тіріліп, есеп бергендерінде, сондай-ақ осы дүниедегі жасаған амалдарына қарай жаннатқа немесе тозаққа барар кездегі кездестіретін жағдайларды ескерту.

Адамды шынайы мұсылман ететін қандай қасиет?
Иманның шарттары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу