Иманның шарттары

Oinet.kz 10-08-2020 1399

Ислам и вопрос расового и этнического многообразия человечества: культура  толерантности в «Коране» и сунне

1 - шарт: Аллаһқа иман келтіру. Бұл шарт иманның мына мәселелерін өзіне қамтиды:

  • Аллаһ Тағаланың раббылығына яғни, Оның Раббылығы - Жаратушы, жаратылысындағы істердің Меңгерушісі әрі ондағы Өз әмірін жүргізуші екендігіне сену.

  • Аллаһ Тағаланың - Иләһи(1) яғни, Оның шынайы Құдай екендігіне, ал Одан өзге құлшылық қылынатындарды бекер екендігіне сену.

  • Аллаһтың есімдерімен сипаттарына иман келтіру. Бұл дегеніміз - Аллаһ Тағаланың Өз кітабымен Оның пайғамбары Мұхаммедтің (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетінде келгені бойынша Аллаһтың көркем есімдерімен жоғары сипаттарының бар екендігіне сену.


2 - шарт: Періштелерге иман келтіру. Періштелер - Аллаһтың құрметті құлдары. Аллаһ Тағала оларды жаратқанда, олар Аллаһтың ғибадатына беріліп, тағатына(2) бой ұсынған еді. Аллаһ Тағала оларға әр түрлі қызметтерді тапсырды. Періштелердің ішінде Жебрейіл періште бар, Аллаһ Тағала оған Өзі қалаған пайғамбарына уахиды(3) жеткізуді тапсырды. Ал, Микаил періште болса, жаңбырдың жаууымен өсімдіктердің шығуына міндеттелген. Сол сияқты, олардың арасында Исрафил періште бар, ол қиямет күні адамдар қайта тірілерде сүр(4) үруге міндеттелген. Және періштелерден малакул-Маут яғни, "өлім періштесі" бар. Ол адамдардың жанын алуға міндетті.


3 - шарт: Кітаптарға иман келтіру. Аллаһ Тағала Өз елшілеріне тура жол, жақсылыққа және ізгілікке толы кітаптарды түсірген еді. Түсірілген кітаптардың кейбірі бізге белгілі, олар:

  1. Таурат - Аллаһ Тағала оны Мұса пайғамбарымызға түсірді. Бұл Исраил ұрпақтарына түсірілген кітаптардың ең ұлысы еді.

  2. Інжіл - Аллаһ Тағала оны Иса пайғамбарымызға түсірді.

  3. Забур - Дәуіт пайғамбарымызға берілді.

  4. Ибраһим пайғамбарымыздың нұсқалары.

  5. Қасиетті Құран Кәрім. Аллаһ Тағала Құранды елшілердің ақырғысы, пайғамбарымыз Мұхаммедке (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түсіріп, бұрынғы түскен кітаптардың барлығының үкімін жойды. Өйткені Құран Кәрім барлық жаратылыстарға қиямет күніне дейін айғақ ретінде қалуы үшін Аллаһ Тағала бұл кітабының сақталуын Өз міндетіне алды.


4 - шарт: Пайғамбарларға иман келтіру. Аллаһ Тағала Өз пенделеріне елшілерін жеберген еді. Олрдың алғашқысы Нұх пайғамбар болса, ақырғысы Мұхаммед (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) пайғамбарымыз . Барлық пайғамбарлар, Мәриям ұлы Иса болсын, Узейір болсын, барлығы Аллаһтың жаратқан пенделері. Және де оларда Раббыға тән ерекшеліктердің біреуі де болмаған. Олар тек пайғамбарлық берілген Аллаһтың құлдары. Аллаһ Тағала Мұхаммед (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) пайғамбарымызды барша адамзат баласына ақырғы пайғамбар қылып жіберіп, одан кейін бірде-бір пайғамбар келмейтінін хабарлады.


5 - шарт: Ақырет күніне иман келтіру. Ақырет күні - Аллаһ Тағала адамдарды мәңгі рахат немесе мәңгі азапқа қалулары үшін қабірлерінен қайта тірілтіп, барлық жаратылыстарды алдына жинайтын қайта тірілту күні. Яғни, ақырет күніне иман келтіру дегеніміз - өлімнен кейін болатын қабір сынағы, оның рахатымен азабына және қабірден кейінгі қайта тірілу, махшарға(5) жиналып есеп беру, одан кейін жаннат және тозақтың бар екендігіне сену.


6 - шарт: Тағдырға иман келтіру. Тағдыр дегеніміз - Аллаһ Тағала білімінің озғаны мен даналығын жүргізуі бойынша барлық болмыстарды өлшеп, мақлұқтарды жаратқанына иман келтіру. Бұның барлығы Аллаһтың біліміне белгілі, Оның қасындағы "лаухуль махфузда"(6) жазылған. Сондықтан болмыстағы бар әрбір нәрсе Оның қалауы мен ұйғаруы және жаратуы бойынша бар болады.

Ислам діні жайлы қысқаша мағлұмат
Хадис деген не?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу