Хадис деген не?

Oinet.kz 10-08-2020 1222

Мұххаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың тірі кезінде-ақ ол айтқан өсиеттер мен ақыл-кеңестер, Һәм оның өмірі мен қызметіне байланысты әдеп-иманға үндейтін асыл сөздер мұсылмандар арасында суннет (арабша – жол, үлгі, өнеге) боп есптеледі. Сондай сунналарды ислам әлемінде хадистер деп атаған.

Основы Ислама — islam.by

Хадис – мұсылмандар үшін Құран кәрімнен кейінгі екінші кітап. Олай дейтініміз Хадисті түсініп оқыған адам Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың өмірдегі қарапайым бейнесін, атқарған жұмыстарын, ұстанған ой-пікірлерін, жақсы көрген және жақтырмаған нәрселерді оқи отырып, бір ғибраттанса, әкіншіден, қоғамдық өмірдің Һәм дін исламның түрлі мәселелері бойынша құнды мәслихат алып, парыз, уәжіп, сүннет, халал-харам, жақсы-жаман, ұят-иман, обал-сауап қағида ережелерімен жақын танысып жан сарайы нұрлана түсері хақ.

Хадистер жинау, реттеу қызметі 200 жылға созылыпты...Бұл жұмысты ең тындырымды, ең қайырлы іс жасаған кісі Орта Азиялық Мұхаммед ибн Исмайл Бұхарий екен. Ол Ирак, Сирия, Араб түбегі, көне Мысыр елдерін 16 жылға жуық аралап, 600 мың хадис жинап, оның 9 мыңын іріктеп алып «Бұхарий жинағын» құрастырып, ең беделді хадисші атанған.

Енді тәлім мен тәрбиеге құралған, түзу жолға бағыттайтын хадистерден үзінді берелік.

***

Өзімнен кейін қалатын үмбеттерімді ойласам, үш нәрседен қорқамын:

1.Құлқынның құлы боп, жолдан таюдан.

2.Нәпсі құмарлыққа салынып, лас істерге ұрынудан.

3.Ілім-білім мол бола тұрып, қараңғы-наданның ісін істеуден.

***

Төрт түрлі адамды Тәңірі жаман көреді:

1.Өтірікші саудагерді.

2.Кердең кедейді.

3.Зинақор, кексе кісіні.

4.Залым ел басқарушыны.

***

Кімде-кім мұсылман мемлекетінде тұратын басқа дін өкілін сөгіп, жаман сөз айтса қиямет күні ол адам оттан өрілген қамшымен дүреленеді.

***

Кімде-кім өзінің, не біреудің жетім балаларын ес біліп, етек жиып, өз күнін өзі көретіндей жасқа келгенше бағып-қағып тәрбиелесе оған бейіштің есігі ашық.

***

Рахым етпегенге рахымдық жасалмайды, кешпеген кешірілмейді және біреудің кешірімін қабыл алмаған адамның тәубесі қабыл болмайды

***

Кімде-кім біреуге жамандық жасаса, жарық дүниенің жүзінде-ақ жазасын тартады. Достық та, қастық та – ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып қалар қасиеттер.

***

Аманатқа қиянат жасаушыда иман жоқ, уәде де тұрмайтындарда ұят жоқ.

***

Тіпті, Қытайда болса да білім алуға ұмтылыңдар, неге дегенде білім алуға әрекеттену - әрбір мұсылманның парызы.

Иманның шарттары
Алтын және күміс әшекейден зекет беру міндет пе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу