Аша Матай екінші мәрте ана атанды

Oinet.kz 14-01-2020

Отандық танымал жүргізуші, эстрада жұлдызы Аша Матай екінші мәрте ана атанды, деп жазады Oinet.kz.

Аша Матай.jpg

Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында арнайы жазба қалдырып, онда өзіне құттықтауын жаудырып жатқан көпшілікке алғыс білдірді.  

"Сүйінші! Алланың қалауымен қазақ еліне + қазақ аруы. Бүгін біздің отбасымыз үшін ерекше күн! Арман екеуіміз тағы да ата-ана атандық. Құдайға шүкір. Барлық жас жұбайларға жұғысты болсын. Құттықтауларыңызға алдын ала алғысымды білдіремін" , - деп жазған өнер иесі. 

Айта кетерлігі, жазбасының соңында Аша Матай төрт "А" әрпінен құрылған хэштег қалдырған. Желідегілер бастапқы екі әріпті ерлі-зайыптылардың аты, ары қарай тұңғышы Асылымның есіміндегі бас әріп деп ойласа, соңғысы жаңадан дүниеген келген сәбиге қойылған атпен байланысты болу керек деп болжады.  Жұлдызды жұптың өмірін жіті бақылауында ұстайтын белсенді оқырмандар бірден оларды екінші мәрте ата-ана болуымен құттықтап, жүрекжарды тілектерін білдірген.  

«Ұятсыз бағдарламаны жабылып жүріп жабайық!» Отандық жұлдыздар «Қалаулымның» жабылуын талап етуде
10 жыл бойы жалақы алмаған әншілер бас көтерді

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×