Нұрлан Еспанов Алматыдағы даңғарадай үйін көрсетті (фото, видео)

Oinet.kz 22-01-2020

Танымал әнші Нұрлан Еспанов көпшілікке Алматыдағы зәулім үйін көрсетті. Әнші журналистерді үйіне қонақ етіп, оларға үйін тегіс аралатып, әр бөлмесін жекелей тамашалатты. Шоу-бизнес жұлдызы жора-жолдастарынан алған бағалы сыйлықтарын да ел назарына паш етті, деп жазады Oinet.kz НТК арнасындағы "Жұлдызды Weekend" бағдарламасына сілтеме жасап.

A88AF843-917C-4593-A14C-D0C1E19F34C7.jpeg

Нұрлан Еспанов отбасымен бірге Алматы қаласына қоныстанған. Оған қоса, әншінің анасы да оның қолында тұрады екен.

Тілшілерге үйін таныстырған эстрада өкілі отбасы мүшелерінің әрқайсының бөлмесін жеке-жеке көрсетіп шықты. Сонымен қатар, шоу-бизнес жұлдызы үйіндегі қай затты қай досы сыйға тарту еткенін де еш бүкпесіз айтып берді.

Оған қоса, Еспановтың үйінде тек бір өзіне арналған бұрышы бар болып шықты.

Ол жерде әншінің өнердегі жетістіктері мен ерен еңбегі үшін берілген ерекше марапаттары толып тұр. Сансыз мақтау қағаздары мен төсбелгілердің қасында Нұрланның өзінің үлкен портреті де бар.

Әртістің ас үйін түсіру барысында ақпарат өкілдері оның анасымен танысты. Еспанов бүгінгі күнге жетіп, осындай жағдайға дейін көтерілуіне анасының қосқан үлесі зор екенін айтып, ағынан жарылды.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Еспанов алғаш рет әйелінің ауыр дерті туралы айтқан болатын. Әнші отбасындағы қиын кезең жайлы жан сырын ақтарды.

«1 постым - 1 миллион теңге» Жұлдыздар не жарнамалап жүр?
Меруерт Түсіпбаева: «Келінінен ақша сұрайтын енелерді түсінбеймін»

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×