Димашты Латын Америкасындағы тыңдармандары өз еліне шақыруда

Oinet.kz 02-03-2020

Әлемге атағы жайылған белгілі отандық әнші Димаш Құдайбергеновті Мексикалық жанкүйерлер өз еліне шақыруда. Бұл жөнінде Димаштың әкесі Қанат Айтбаев Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Kazinform.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

200301205436570e.jpg

«Мексикалық тыңдармандар Димашқа сәлем жолдап, еліне шақыруда. Ықыластарыңыз үшін көп рахмет, dears!», - деп жазды Қанат Айтбаев. Мексикалық жанкүйерлер сүйікті әншісіне арнаған видеосын ерекше етіп түсірген. Олар қаладағы ең әдемі орынды таңдап, Димаштың суреті бейнеленген арнайы плакаттар, баннерлер дайындаған. Сөйтіп қолына Қазақстанның туын ұстап, әншіні Мексикаға келіп, концерт өткізуге әнмен шақырады. «Латын Америкасындағы тыңдармандарым маған жып-жылы видео жолдапты. Мені қалай қолдайтындарыңызды білем. Жақын арада қауышамыз деген үміттемін. Шақырғандарыңыз үшін көп рахмет. Өте риза болдым», - деп ризашылығын білдірді Димаш Instagram парақшасында.

Қайрат Нұртас 114 миллион теңгеге концерт өткізбек
Кенжебек Жанәбілов Париж қаласында жас қызбен кездесті

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×