Үлкен ер адамды сүндетке отырғызбақ болған Айдар Тұрғамбек қызу талқыға қалды (видео)

Oinet.kz 07-04-2020

"Жігіттер" квартетінің мүшесі Айдар Тұрғамбек желіні шулатты. Отандық әнші үлкен ер азаматты сүндеттегі жатқан сәтін жариялап, елдің қызу талқысына қалған. Желі қолданушылары өнер иесінің бұл қылығын аса ерсі санап, оны сынап тастаған деп жазады KAZ.NUR.KZ

Screenshot_4.jpg

Айдар Тұрғамбек өзінің Instagram парақшасында ересек адамды сүндеттейін деп жатқан сәтінен видеомен бөлісіп, басы бәлеге қалды. Бейнежазбада дәрігер киіміндегі эстрада жұлдызы төсекте жатқан ер адамды сүндетке отырғызғалы жатқанын хабарлаған. 

"Сүндет тойға дайындық. Қазір толық пакет өзім сүндетке отырғызып,сосын тойдың басында алып шығамын" , - деді өнер иесі. Желідегілер әншінің бұл әрекетін түсіне алмай әлек болып, оны сынауға кіріскен. Көпшілік ер азаматты сүндетке отырғызу аса ерсі дүние екенін алға тартқан. Алайда, шын мәнінде Айдар Тұрғамбек ешкімді сүндеттемеген болып шықты. 

"Жігіттер" квартетінің мүшесі аталмыш видеоны телехикая түсірілінен үзінді екенін айтып, ашуға булыққан көпшілікті сабырға шақырды. Ол бейнежазбаны желіде тек әзіл ретінде жариялағанын мойындады. Бұл ісін ол "Опмай-опмай" бағдарламасына сұхбат беріп түсіндірген. 

Қайтыс болған ұлына сағынышын білдірген Ердос Қанаев ел жүрегін елжіретті (видео)
Бала-шағасы мен әйелін байлап тастаған Марат Оралғазин желіні шулатты (видео)

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×