«Отағасы романтик»: Жанар Айжанова жолдасы жайлы бар шындықты айтты

Oinet.kz 21-04-2020 14517

Отандық танымал әнші әрі тележүргізуші Жанар Айжанова жолдасымен түскен суреттерінің топтамасын көрсетіп, отағасына қатысты тың мәліметпен бөлісті. Жеке өмірі жайлы көп айта бермейтін өнер иесі бұл жолы ағынан жарылды. Ол күйеуінің көпшілік білмейтін қырларын айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Screenshot_1.jpg

Жанар Айжанова Instagram парақшасында жолдасы өзіне жіберген видеоны жариялап, желі қолдануыларын қуантып қойды. Бейнежазбада ерлі-зайыптылардың отбасылық мұрағатындағы фотоларын көруге болады. 

"Біздің үйдің отағасы - романтик. Менің төрт-бес күн көрмей қалса, өзі монтаждап осындай жүрекке жылу беретін музыкалық сәлемдерін жолдап тұрады. "Күйеуіңді неге көрсетпейсің" деген жандарға "Міне менің жаным әдемі" деп парақшама салып жатырмын. Махаббат, сыйластықтырыңыз мыңгілік болсын" , - деп жазды Айжанова. 

Желі қолданушылары ерлі-зайыптылардың видеосына тәнті болып, оларға өз ақ тілегін жаудырған. "Керемет, махаббатырыңыз баянды болсын" , "Бақытты болыңыздар" , "Тілкөзден сақтасын. Керемет жарасымды жұпсыздар" , "Сіздерге тәнтімін. Махаббаттарыңыз мәңгі болғай" , - деп жазуда көпшілік.

Роза Әлқожа 16 жыл бойы тұрып келе жатқан үйін көрсетті (фото)
«Толып кеткен»: Карантиндегі фотосын жария еткен Сәдуақасова қызу талқыға түсті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу